«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 168557 теңгеден 193 645 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Ауылдық округ, ауыл аппаратының іс қағаздарын жүргізу. ЕУОЛ ААЖ базасында өтініштердің есебін жүргізу. Әкім аппараты бойынша 1-ОЛ статистикалық есебін дайындау және базаны ай сайын түсіру. Ауылдық округ әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау және есепке алу журналын, сондай-ақ азаматтардың өтініштерімен байланысты хат алмасуды жүргізу. Мемлекеттік мұрағатқа құжаттарды дайындау және тапсыру бойынша жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ жойылуға жататын құжаттарды іріктеу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа міндеттерді орындау.
Блок- С грейд-2.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе білім беру немесе Гуманитарлық ғылымдар немесе Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар саласында осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі, немесе экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе ветеринария