«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бюджеттік бағдарламалар жобаларын, бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарастыру. Аудан бюджетінің жобасын әзірлеу, аудан бюджетін нақтылау және түзету. Аудан бюджеті түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін әзірлеу. Бюджеттік комиссия материалдарымен жұмыс жасау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің желілері, штаттары, контингенттері туралы мәліметтер жиынтығын жасау. Ауданның бюджеттік бағдарламаларын іске асыру туралы есеп беру. Бюджеттік кредиттерді беру, оларға қызмет көрсету, олардың есебін, мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз ету. Көтерме жәрдемақыларды ұсыну. Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік мекемеге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Блок- A, грейд-4.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғарғы оқу орнынан кейінгі немесе жоғарғы, орта білімнен кейінгі немесе мемлекеттік лауазымдарда бір жыл жұмыс өтілі бар техникалық және кәсіби білімінің болуы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе мемлекеттік және жергілікті өзін өзі басқару, есеп және аудит немесе қаржы) саласындағы нақты осы санаттағы функционалдық бағыттарға сәйкес екі жыл жұмыс өтілінің болуы
Мынадай құзыреттердің болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.