«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 168 577 теңгеден 193 642 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: аудан әкімі аппаратындағы қызметтік хат-хабарлардың іс қағаздарын жүргізуді және құжаттандыруды жүзеге асыру. Құжаттардың орындалу мерзімін бақылау. Аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатына істерді рәсімдеу және өткізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Әкімдік отырыстарын, кеңестерді, семинарларды және аудан әкімінің қатысуымен өтетін басқа шараларды техникалық қызметтер көрсетуді жүзеге асыру
Блок- С, грейд-4.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салада екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға немесе білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе табиғи ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе әскери іс және қауіпсіздік саласында білім рұқсат етіледі
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.