Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С 9/4
шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада
№ 25268 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-
бабының 1 тармағына сәйкес Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін
күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 2021 жылға ай сайын бір
шаршы метр үшін 47,46 теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі