Атбасар аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Атбасар ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6С 15/5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 7С 9/5
шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қарашада
№ 25203 болып тіркелді
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына
сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Атбасар ауданының
коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару
қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 6С 15/5 (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6278 болып тіркелген) шешімінің
күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі

 

Дата публикации
22 февраля 2022