Аудан әкімі – Қалжанов Аманбек Әмирхамзаұлы, осы лауазымда 2017 жылғы 20 қарашадан бастап жұмыс істейді.
2022 жылғы 1 қаңтардағы халық саны-46 282 адам.
Ауданының аумағында аудандық маңызы бар 13 ауылдық округтер, қала бар.
Ауданның мамандануы – машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 млрд.417 млн. теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінің 30% – на төмен (2021 жыл-2 млрд. 003 млн. теңге).
Облыс көлемінде аудан өнеркәсібінің үлесі 1,5% - ды құрады.
Өнеркәсіп өнімінің НКИ 107,4% - ды құрады.
Себебі: "АЭРЗ" жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты "Қамқор Локомотив" ЖШС филиалы мен "Аждар и К" ЖШС.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 500,5 млн.теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 9% жоғары (2021 жыл 463 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 90,4% - ды құрады.
Төмендеу себебі: ет өндірісінің төмендеуіне байланысты.