«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік- құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, санаты E-3, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: бөлімге жалпы басшылық және жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік органның мүдделерін сотта, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін басқа ұйымдарда қарау кезінде белгіленген заң тәртібімен ұсыну. Атбасар ауданы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу. Мемлекеттік мекемемен әзірленетін нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дайындауға қатысу, оның ішінде мемлекеттік мекеменің басқа құрылымдық бөлімшелермен оларды дайындау жағдайында келісу жолымен. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының тапсырмасымен құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу және құжаттарын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша жыл сайынғы шаралар әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттік органда құқықтық жалпыға міндетті оқу ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шаралар әзірлеу және жүзеге асыру,  шаралардың орындалуын бақылау.

Блок – В, грейд-5

          Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім,  құқық саласында (юриспруденция).

Келесі құзыреттіліктердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Дата публикации
02 февраля 2022