«Атбасар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы есебі

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңында белгіленген мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасы азаматтарының шығармашылық қызметті еркін жүзеге асыру құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулуға, балаларды, оқушылар мен жұмысшы жастарды эстетикалық және отаншылдық тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.

          2021 жылҚазқстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көптеген мерейтойларымен ерекшеленді, сонын ішінде Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, Қазақ ғалымы және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы, Қазақ палуаны Қажымұқан Мұнайтпасовтың 150 жылдығы, гуманист және ағартушы Ы. Алтынсаринның 180 жылдығы, Қазақстанға еңбегі сінген жазушы С. Мұратбековтың 85 жылдығы. Осы жоспар Атбасар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі үшін өткен жыл өте сапалы және қызықты болды. Қоронавирустық инфекция пандемиясының қиындықтарына және барлық іс-шаралар онлайн режиміне көшкеніне қарамастан бөлімнің жұмысы тоқтатылмай аудандық мәдени мекемелерінің іс шаралары сапалы түрде қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылдың индексі өте жоғары. Алайда 4441 мәдени іс-шаралар өткізіліп, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері, әртістері мастер кластарға, семинарларға қатысып, республикалық, халықаралық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Дата публикации
01 февраля 2022