Құрметті Атбасар ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы No 190 «орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, республикалық жоғары оқу орындары ректорларының халықпен есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 01 ақпан мен 11 ақпан аралығында облыс өңірлерінде барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есеп беру кездесулері өтеді.
Пандемия кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері ауылдар мен орталық елді мекендерде онлайн режимінде өткізіледі.
Сонымен қатар, ауыл, ауылдық округтер, кенттер әкімдерінің есеп беру кездесулеріне дейін және одан кейін санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерді сақтай отырып, азаматтарды жеке қабылдаулары ұйымдастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желілер арқылы іс-шараның өтетін орны мен уақыты туралы сіздер алдын ала хабарландырылатын боласыздар.