«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Жер қатынастарына бөлімнің мүдделерін құқық қорғау органдарына, барлық инстанциядағы соттарға ұсыну. Жеке және заңды азаматтармен жер пайдалану және жер салығы үшін төлемдердің өз уақытында және толықтығын қамтамасыз ету, 28.12.2001 жылғы №1793 ҚР МГД бұйрығына 26,27,28,68,69,70,71,72 қосымшалары бойынша реестр құру және есебін жүргізу. Жер учаскелерін беру бойынша ауданның жергілікті атқару органының шешімдерінің жобалары мен ұсыныстар дайындау; жер учаскелерінің иеленушілері мен жер пайдаланушылардың есебін жүргізу. Жер саудаларын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру. Жер учаскелерін сауда-саттық шарттары мен жалдау келісімдерін жасасу. Ауыл шаруашылық тағайындауындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру. Жер учаскелерін беру бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Иесіз жер учаскелерін есепке қою. Жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық, аудандық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу.
Блок- В, грейд-3.