«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. «Атбасар ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, санаты E-R-1, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714  теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылықты ұйымдастыру, жоспарлау, жүзеге асыру. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Ауданда салаларды дамыту бойынша  инфрақұрылымды дамыту  және ұсыныстар енгізу бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі  бағыттарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Ауданның болашақ, ағымды, мақсатты, бағдарламалары, оларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарларының жобаларын әзірлеу. Нормативті-құқықтық актілерді, тапсырмаларды, өтініштерді, азаматтардың үндеулерінің дер кезінде орындалуына бақылау жасау. Бөлімде сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасын сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

Блок-А, грейд-7.

Дата публикации
29 октября 2021