«Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есеп беру. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орындалуы туралы жұмыспен қамтамасыз ету. Жер учаскесін беру, комиссия хаттамаларын жүргізу және ресімдеу бойынша аудандық комиссияның қарауына материалдар дайындығын қамтамасыз ету. Жер учаскесін беру туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Ауданның жер балансын құру. Мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру. Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін анықтау. Жер бөлу жобалалары мен бағдарламаларын, ауданның жерін тиімді пайдалану бойынша жобалар мен схемалар дайындалуын ұйымдастыру. Елді мекендер аумағының жер-шаруашылық құрылысы жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру. Жер учаскелерін беру және олардың мақсатымен белгіленуін өзгерту туралы ауданның жергілікті атқару органдарына ұсыныстар мен жобалар дайындау. Ауыл шаруашылық тағайындауындағы жердің кезекші картасын жүргізу. Мемлекеттің қажеттілігі үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға ұсыныстар дайындау. Жер учаскесінің бары немесе жоғы туралы анықтама беру. Ауыл шаруашылық алқабын бір түрден екіншіге көшіру бойынша ұсыныстар дайындау.

Блок- A, грейд-4.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе қызмет көрсету (жерге орналастыру немесе кадастр), немесе құқық (юриспруденция), немесе ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия) саласында

Мынадай құзыреттердің болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

«Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: жетекшілік ететін мәселелер бойынша бөлім жұмысын талдау және жұмысын жоспарлауды қамтамасыз ету. Қоғамдық бірлестіктермен және жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл; жоғары тұрған ұйымдардың шешімдерінің орындалуын бақылау. Мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының ұйымдастырылған жұмысын реттейтін құжаттарды әзірлеуге қатысу. Мәдени-бұқаралық шаралар, семинарлар, конференциялар өткізу. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау бойынша жұмыс ұйымдастыру, бөлім басшылығымен белгіленетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Блок- A, грейд-4.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе өнер, немесе білім (қазақ тілі және әдебиеті немесе орыс тілі және әдебиеті орыс тілінде оқытпайтын мектептерде), немесе гуманитарлық ғылымдар (политология), немесе қызмет көрсету (мәдени-тынығу жұмысы), немесе құқық (юриспруденция), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында

Мынадай құзыреттердің болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы (келісім)халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы (келісім) құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді. Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысымен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады."

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) хабарлайды. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді

.«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

______________________________________________________

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасыy транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекенжайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-maіl: ______________________

ЖСН: ______________________

_________ ___________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)
_______________________________________
(жекесәйкестендірунөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туғанкүніжәнежері /
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауыбойынша) /
Национальность (по желанию)
 
3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей
 
4. Оқуорнынбітіргенжылыжәне оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения
 
5. Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
6. Шетелтілдерінбілуі /
Владение иностранными языками
 
7. Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
8. Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
9. Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
10. Соңғы үшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
  ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
  Күні / Дата қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері /
должность*, место работы, местонахождение организации
  қабылданған /
приема
босатылған /
увольнения
 
       
  _____________________
Кандидаттың қолы /
Подпись кандидата
_______________
күні / дата
         

 

 

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

Дата публикации
14 октября 2021