Жоба
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабының 12-тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 44279 тiркелген) 2-тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 85702 тiркелген) сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2022 жылға арналған Атбасар ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне көрсетiлсiн:
1) жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау — бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.
2. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау — бюджеттiк кредит, басшы лауазымдардағы адамдарды қоспағанда, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне берiледi.
3. Осы шешiм 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.