«Агроөнөркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекiтiлген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мемлекеттiк қызметшiлерiне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 6 тармағына сәйкес, (2009 жылдан бастап) аудан мәслихаты жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит беру туралы шешiм қабылдайды.
Осы шаралар ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген мамандарын ынталандыруға бейiмделген және жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы және 15 жылға дейiңгi мерзiмiне кредит бойынша сыйақы кредит сомасының жылдық 0,01% берiлетiн тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бiр мың бес жүз есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау шаралары қарастырады.
Осы шешiмнiң жобасын iске асыру үшiн Атбасар ауданының аудандық бюджетiнiң жобасында қарастырылған:
1) 20 адамға көтерме жәрдемақы ұсыну үшiн 6 126 мың теңге сомасында;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау көрсету үшiн — 1 адамға 4 595 мың теңге сомасында бюджеттiк кредит.