«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: атқарылатын операциялардың заңдылығы мен құжаттардың өз уақытында және дұрыс ресімделуіне алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Барлық атқарылатын шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп шотында кескінделуін жүзеге асыру. Тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сома шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылауды жүзеге асыру. Төлемдер бойынша белгіленген өзгерістер тәртібімен енгізілуі есебімен жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қаржының дұрыс, тиімді және мақсатымен жұмсалуына, сондай-ақ ақшалай қаржының және материалдық құндылықтың сақталуына бақылау жасау. Мемлекеттік қызметшілерге және техникалық қызметкерлерге жалақыны мерзімінде есептеу және төлеу. Төлемдер бойынша белгіленген өзгерістер тәртібімен енгізілуі есебімен жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қаржының дұрыс, тиімді және мақсатымен жұмсалуына, сондай-ақ ақшалай қаржының және материалдық құндылықтың сақталуына бақылау жасау. Мемқызметшілерге және техникалық қызметкерлерге жалақыны мерзімінде есептеу және төлеу. Қаржылық, статистикалық және салық есептілігін белгіленген мерзімінде құру және ұсыну. Қаржыландыру жоспары мен оның есептерін мемлекеттік мекеменің басшысымен құру және келісу.Стратегиялық жоспар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу. Мемлекеттік сатып алу, оның ішінде электронды мемлекеттік сатып алу арқылы ұйымдастыру және жүргізу процедураларын жүзеге асыру. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың тиісті қаржы жылына жылдық жоспарын алдағы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырып әзірлеу, анықтау және бекіту. Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы 1-МС есебін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінде тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде қазақстандық қамту көлемдері туралы есеп құру.