«Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 «Атбасар ауданының құрылыс  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы(уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, осы мерзім аяқталғанға дейін негізгі қызметкердің жұмысқа шығу құқығымен 2024 жылғы 04 мамырға дейін),  «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95 210 теңгеден 128 834 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органдардың құжаттарын өз уақытында орындалуын бақылауды  қамтамасыз ету. Құжаттарды және жобалауға тапсырмаларды әзірлеуде жобалау ұйымдарымен, әкімдіктің басқа бөлімдерімен қарым-қатынас жасау. Техникалық шарттармен, қортындылармен және өзге де қажетті құжаттармен ЖСҚ қамтамасыз ету. Құрылыс жобаларының жүзеге асырылуын,  құрылыс тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алу ұйымдастыру рәсімдері  және жүргізуді қамтамасыз ету. Бөлім басшысымен белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын салу немесе өндіру) саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Дата публикации
16 августа 2021