«Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік- құқықтық жұмыс бөлімінің, бас маманы,  «Е-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 100 696 теңгеден 136 444  теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіру. Мемлекеттік орган әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың, нашақорлық пен есірткі бизнесінің және т.б. алдын алу саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсіндірмелер дайындау. Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысының жұмысына, сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия жұмысына жауапты.

Мемлекеттік органға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін ұйымдастыру және сақтау.

Дата публикации
13 августа 2021