Атбасар ауданының әкімдігі өңірдегі қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Атбасар ауданының тұрғындарына ұйым (ЖШС) құрамында жер үлестері (жер үлестері) бар - шаруа немесе фермер қожалығын ашу немесе басқа кәсіпорынның (ЖШС) құрамына өту үшін өз жер үлестерімен (үлестерімен) Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының (ЖШС) қатысушылары (пайшылары) құрамынан шығу тәртібі туралы хабарлайды.
Қ.Р. Жер кодексінің 101-бабына сәйкес өздеріне тиесілі жер учаскелеріне құқықтарын, оның ішінде шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салым ретінде шартты жер үлестеріне құқықтарын берген азаматтар шаруа немесе фермер қожалығын не тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру үшін қатысушылар құрамынан шыққан кезде қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша жер учаскесін қоса алғанда, үлесті нақтылы бөліп шығаруға не үлестің құнын төлеуге құқылы.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы ұйымының кепілдегі жерлерінің құрамынан жер учаскесін бөліп шығаруға кепіл ұстаушының келісімімен немесе бөліп шығару кезінде жер учаскесіне қатысты кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелермен жол беріледі.
Қатысушылар құрамынан шығу және жер учаскесін бөліп шығару туралы өтініш қатысушылардың жер үлестері (үлестері) орналасқан ауыл шаруашылығы ұйымына (ЖШС) беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын не тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырған жағдайда, азаматтың өтініші оған қатысушылардың жалпы жиналысының үлесті нақтылы бөліп шығаруға тиісті хаттамасымен, бөлінетін жер учаскесінің орналасқан жері туралы келісілген материалмен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасымен қоса оған жер учаскесіне құқықты ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органға (аудан Әкімдігіне) жіберіледі.
Барлық қатысушылар ЖШС құрылтай құжаттарын және Р.К. заңнамалық актілерін басшылыққа алып, барлық туындаған мәселелерді қатысушылар мен басшылығы арасында тараптардың келісімін жасасу жолымен ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысында тікелей шешуі тиіс.
Қатысушылардың жалпы жиналысына қабылданған шешімдермен келіспеген жағдайда, сондай-ақ серіктестік басшылығының әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) келіспеген жағдайда қатысушылар оларға сот тәртібімен шағымдана алатынын назарда ұстау қажет.
Жоғарғы Соттың 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысының 2-тармағын және ҚР Жер кодексінің 167-бабын басшылыққа ала отырып, жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар сотта қаралады.
ЖШС болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғаның ішкі қызметіне қатысты ішкі мәселелерге мемлекеттік органдардың араласуына ҚР заңнамасымен жол берілмейді.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 18-бабына сәйкес, мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол берілмейді.