Атбасар аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45 бабына сәйкес 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Атбасар ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
Ахмедиянов Асхат Мұратбекұлы - Макеев ауылдық округінің әкімі, 1992 жылы туған, Атбасар қаласында тұрады, Nur Otan партиясының мүшесі.
Валитова Светлана Андреевна - Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі, 1962 жылы туған, Сочинское ауылында тұрады, Nur Otan партиясының мүшесі.
Исмағұлов Еркін Құрманғалиұлы - Ярослав ауылдық округінің әкімі, 1961 жылы туған, Атбасар қаласында тұрады, Nur Otan партиясының мүшесі.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы