ХАБАРЛАМА 2021 жылғы 25 шілдеде Атбасар ауданының ауылдық округтері әкімдерін үш сайлау округі бойынша сайлау өтті.

  

Атбасар аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Атбасар ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Макеев сайлау округі

Макеевка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

           Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 539 азамат енгізілді, олардың 533-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 19, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 0.

           Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

           Ахмедиянов А.С. – 481; Димитрюк Г. С. – 27; Темірбеков Ж. О. – 6.

Макеев ауылдық округінің әкімі болып Ахмедиянов Асхат Мұратбекұлы сайланды, 1992 жылы туған, "Атбасар ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ басшысы, Атбасар қаласында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

 

Шұңқыркөл сайлау округі

Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 668 азамат енгізілді, олардың 661-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 0.

          Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Бовдуева Л. О - 78; Валитова С.А. – 527; Герман О. К – 51.

Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі болып Валитова Светлана Андреевна сайланды, 1962 жылы туған, Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі", Сочинское ауылында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

 

Ярослав сайлау округі

Ярослав ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 905 азамат енгізілді, олардың 570-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-18.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Ахметов Н.К. – 163;  Досанов Р. Ж. – 34;  Исмагулов Е. К. – 276;  Қоныбаев А. А.-71

Ярослав ауылдық округінің әкімі болып еркін Құрманғалиұлы Ысмағұлов сайланды, 1961 жылы туған, "есіл" ШҚ-да заңгер, Атбасар қаласында тұрады, Nur Otan партиясы ұсынған.

Атбасар аудандық сайлау комиссиясы

     

Дата публикации
26 июля 2021