ХАБАРЛАМА Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігі фермерлік немесе шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) 10 жыл мерзімге құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 16 тамыздан сағат 9-00-ден бастап 2021 жылғы 06 қыркүйек сағат 18-00-ге дейін қоса алғандағы кезеңде                         Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ. Абылайхан көшесі №32, 11кабинетте жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: 2021 жылғы 07 қыркүйек сағат 10-00-де, мекен-жайы: Ақмола облысы,                        Бурабай ауданы, Щучинск қ. Абылайхан көшесі №32, мәжіліс залы мекенжайында өткізіледі.

 

№ р/б

Жер учаскесінің орналасқан жері               (ауылдық округтен қашықтығы, орташа қашықтық, км)                              Жер учаскесінің                 лот №

Жер учаскесі беріледі

Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы

Жер учаскесінің жалпы алаңы, га                  Жалдау мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы, оның ішінде

Бонитеттің орташа балы

Сумен қамтамасыз етілуі

Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізі үшін

Егістік

Жайылым

 

Зеленобор ауылдық округі,                    Мәдениет ауылы – 24,                                       № 1 лот

Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізі үшін

өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

80,8                10 жыл

29,0

51,8

19,5

 
 

Зеленобор ауылдық округі,                    Мәдениет ауылы – 28,                                       № 2 лот

Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізі үшін

өсімдік шаруашылығы

35,0               10 жыл

35,0

 

42,2

 
 

Ұрымқай ауылдық округі,                     Кендікқарағай ауылы - 2,5, № 3 лот

Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізі үшін

өсімдік шаруашылығы

24,0              10 жыл

24,0 

 

38,3

 
 

Ұрымқай ауылдық округі,                     Кендікқарағай ауылы - 4,  № 4 лот

Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізі үшін

мал шаруашылығы

23,3               10 жыл

 

23,3

23,2

 
 

Успеноюрьев ауылдық округі,                     Николаев ауылы - 8,  № 5 лот

Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізі үшін

өсімдік шаруашылығы

65,2               10 жыл

65,2

 

55,5

 
 

Успеноюрьев ауылдық округі,                     Успеноюрьев ауылы - 15,  № 6 лот

Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін

 

өсімдік шаруашылығы

21,8

10 жыл

21,8

 

54,2

 
 

Успеноюрьев ауылдық округі,                     Успеноюрьев ауылы - 15,  № 7 лот

 

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізі үшін

өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

99,6

10 жыл

89,2

10,4

51,2

 
 

Успеноюрьев ауылдық округі,                     Успеноюрьев ауылы - 15,  № 8 лот

Фермерлік немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін

 

өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

311,4

10 жыл

295,4

16,0

54,8

 
                     

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурсқа қатысуға өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер болуға тиіс.

 

Конкурстық ұсыныста:

  • бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдары өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
  • шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Бурабай ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады, немесе тел.: 8 (716 36) 2 14 49, «Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ.

Дата публикации
21 июля 2021