«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 112713 теңгеден 152035 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: бөлімге жалпы басшылық және жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік органның мүдделерін сотта, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін басқа ұйымдарда қарау кезінде белгіленген заң тәртібімен ұсыну. Атбасар ауданы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу. Мемлекеттік мекемемен әзірленетін нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дайындауға қатысу, оның ішінде мемлекеттік мекеменің басқа құрылымдық бөлімшелермен оларды дайындау жағдайында келісу жолымен. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының тапсырмасымен құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу және құжаттарын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша жыл сайынғы шаралар әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттік органда құқықтық жалпыға міндетті оқу ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шаралар әзірлеу және жүзеге асыру, шаралардың орындалуын бақылау.
Конкурс қатысушысына қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, құқық саласында (құқықтану).
Келесі құзыреттіліктердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;