«Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының төменгі  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 «Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы,  «Е-G-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 90 874 теңгеден 122 392 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік есепті жүргізу; аудандық қазынашылық бөлімі арқылы жүргізілетін операцияларды есепке алу; қаржы жылына бюджеттік өтінімді жасау. Қаржылық құжаттарды рәсімдеу, айлық, тоқсандық есептерді белгіленген мерзімде тапсыру, бюджетпен есеп айырысудың жай-күйін бақылау, құндылықтардың сақталуын бақылау. Мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру. Атбасар қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша анықтамалар мен ақпараттар дайындау.

Дата публикации
12 июля 2021