2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18:00 ұсыну кезеңі аяқталды. Атбасар ауданы бойынша барлығы 3 сайлау округіне 10 кандидат ұсынылды, оның 3 (30 %) – саяси партиялар, 7 (70%) - өзін-өзіұсынған.
Саяси партия 3 округ бойынша кандидаттарды ұсынды: «Nur Otan» партиясы -3 кандидат.
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3,3 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтайтын барлық шаралар аяқталды.
Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша барлық округтерде кем дегенде екі адам ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша 3 үміткер тіркелген (30%).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 – бабы 9 – тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы