Ақпараттық хабарлама

          2021 жылдың 02 шілдесінде Атбасар аудандық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған ауылдық округтері әкімдерін сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:

Ахмедьянов Асхат Мұратбекұлы-

Макеев ауылдық округінің әкіміне кандидат;

Валитова Светлана Андреевна-

Шұнқыркөл ауылдық округінің әкіміне кандидат;

Герман Ольга Константиновна-

Шұнқыркөл ауылдық округінің әкіміне кандидат;

Исмағұлов Еркін Құрманғалиұлы-

Ярослав ауылдық округінің әкіміне кандидат;

       Аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдері сайлауына кандидаттардың оларға қойылатын талаптарға "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, Мемлекеттік қызмет туралы Заңмен сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейді.

       2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Макеев, Шұнқыркөл, Ярослав ауылдық округтерінің әкімдеріне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 26 маусым мен 09 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Атбасар аудандық

сайлау комиссиясы.

Дата публикации
02 июля 2021