Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Атбасар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021 жылғы 25 шілдеге Атбасар ауданында сайлау тағайындалсын:
- Макеевка ауылдық округінің әкімін;
- Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімін;
- Ярослав ауылдық округінің әкімін;
- 2021 жылғы 25 шілде тағайындалған Атбасар ауданының ауылдық округтері әкімдері сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Атбасар аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық "Простор-Атбасар" газетінде жариялансын.
Атбасар аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы Т.Боранбаев
Хатшысы С.Шарипова
Атбасар қаласы
2021 жылғы 25 маусым,
№ 87