Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады және байланыс орната алу қабілеті мен өзекті мәселелер бойынша уақтылы шешім қабылдай білуі оның қызметінің негізгі құрауышы болып табылады.
Әкім жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүргізуші болып табылады және халықта, оның іс-қимылы бойынша тиімді әрекет ететін мемлекеттік басқару жүйесіне көзқарасы қалыптасады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың өзектілігін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2021 жылға арналған жол картасының 63-3 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізіледі.
1) Конкурстың мақсаты - жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу;
ауыл әкімдерінің, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру;
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін кең ауқымда насихаттау.
1) I кезең – өңірлік, аудандық және облыстық деңгейде өткізіледі.
Аудандық деңгейде конкурстың жұмыс органы аудан әкімі аппараты болып табылады (аппарат басшысы үйлестіреді).
2) II кезең – республикалық, республикалық деңгейде өткізіледі.
Екінші кезеңнің нәтижесі (қорытындысы) бойынша Конкурстың жеңімпаздары анықталады.
Конкурстың нәтижелері Республикалық комиссияның шешімімен анықталады.
Конкурсты өңірлік және республикалық деңгейде өткізуге дайындау және ұйымдастыру жұмыстары, сондай-ақ оның қорытындыларын шығару осы әдістемелік ұсынымға (бұдан әрі – Әдістеме), Конкурсты өткізу тәртібі мен іс-шаралар жоспарына, оның жеңімпаздарын марапаттау мен жеңімпазадарды бағалау критерийлеріне және өзге де конкурстық комиссия бекітетін құжаттарға сәйкес іске асырылады.
ІІ. Конкурсты өңірлік деңгейде ұйымдастыру және өткізу
Өңірлік комиссия Департаменттің жанында құрылады және 7 адамнан және хатшыдан тұрады.
Өңірлік комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан, қоғам қайраткерлерінен және өзге де тұлғалардан құрылады. Өңірлік комиссияның төрағасы Департаменттің басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылады.
Өңірлік комиссияның төрағасы комиссияның қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Өңірлік комиссияның отырысы комиссия құрамы мүшелерінің жартысынан артық бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
Әрбір үміткер бойынша шешім Өңірлік комиссия мүшелері бағалау парағында (осы Әдістемеге № 8 қосымшаға сәйкес) қойған баллдарды есептеу және Конкурсқа қатысушының рейтингісін құрастыру арқылы қабылданады.
Отырыс қорытындысы Өңірлік комиссия төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен (осы Әдістемеге № 9 қосымшаға сәйкес) ресімделеді.
Өңірлік комиссия қызметінің ұйымдастырылып, сүйемелдеуін Департаменттің және Әкімдіктің қызметкерлері жүзеге асырады.
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
2) комиссия отырыстарын ұйымдастырады;
3) комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздың материалдарын қалыптастырады;
4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін Конкурс нәтижелері туралы ақпаратты береді.
ІІІ. Конкурсты республикалық деңгейде ұйымдастыру және өткізу
Республикалық комиссия 7 мүшеден және Агенттіктің қызметкері болып табылатын хатшыдан тұрады.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық, қоғамдық және ғылыми-білім беру ұйымдарының басшылары (өкілдері) және өзге тұлғалар енгізілуі мүмкін.
Республикалық комиссия қызметінің ұйымдастырылып сүйемелдеуін Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері жүзеге асырады.
Республикалық комиссияның төрағасы Агенттік төрағасының орынбасары болып табылады.
Республикалық комиссияның төрағасы конкурс комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясының шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Конкурстың жеңімпаздары Республикалық комиссияның шешімі бойынша анықталады.
Комиссия шешімі комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
2) конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастырады;
3) конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Конкурс қорытындылары бойынша конкурс жеңімпазының материалдарын қалыптастырады;
4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін конкурс нәтижелері туралы ақпаратты береді.
Конкурс туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап ауыл әкімдері (бұдан әрі – үміткер) аудан/қала әкімдігіне келесі құжаттар мен материалдарды жолдайды:
1) осы Әдістемеге №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) қызметтік тізім (кадр қызметімен расталған);
4) үміткердің сауалнамасы (осы Әдістемеге № 2 қосымшаға сәйкес);
5) осы Әдістемеге № 7 қосымшаға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері (тартылған инвестициялар көлемі, құрылған жұмыс орындары, ауыл-шаруашылығы өнімдерінің көлемі, көші-қон деңгейі, қылмыстылық деңгейі және т.б.);
6) үміткер – әкімнің жұмысы туралы, әкім басқаратын кент, ауыл, ауылдық округ туралы бейнеролик (бейнероликтің ұзақтығы 5 минутқа дейін);
7) үміткердің кентті, ауылды, ауылдық округті алдағы 3 жылда дамытуға бағытталған (таныстырылым көлемі 7 слайдтан аспайтын) жобалық жұмыс.
2021 жылғы 12 шілдеден бастап 10 жұмыс күні ішінде аудан әкімдігі аппараты кент, ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінде мемлекеттік қызмет көрсетудің деңгейін, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін, әкімнің халықпен кері байланыс орнатуы (жеке қабылдаулары, әлеуметтік желілердегі белсенділігі, БАҚ-тағы жарияланымдары, халықпен кездесулері, жиындары т.б.) және үміткерлердің жұмысындағы т.б. қоғамдық маңызы бар мәліметтерді бағалау жолымен Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерге ішкі іріктеу жүргізеді.
Ішкі іріктеу барысында аудан/қала әкімі аппараты осы Әдістеменің 11-тармағына сәйкес ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және сауалнамалық мәліметтерін (осы Әдістемеге № 3 қосымша), жобалық жұмыстарды (осы Әдістемеге № 4 қосымша) және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді (осы Әдістемеге № 7 қосымша) бағалайды.
Бір ауданнан ең көп балл жинаған 3-тен көп емес ауыл әкімдері өңірлік деңгейдегі конкурсқа қатысу үшін үміткер ретінде айқындалады.
Конкурс материалдарына осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген материалдар қоса беріледі. Сондай-ақ, аудан/қала әкімінің қолы қойылған үміткер туралы және оның кент, ауыл, ауылдық округтің дамуы бойынша атқарған қызметі мен жеткен жетістігін көрсете отырып, анықтамалық ақпарат ұсынылады (анықтама А 4 форматында, көлемі 2 беттен көп емес, 14-ші шрифт Times New Roman).
1) осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда;
2) осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық емес түрде немесе құжаттарды қабылдауды аяқтаудың белгіленген мерзімі өткеннен соң конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
1) үміткерлер сауалнамаларын бағалау (осы Әдістемеге № 3 қосымшаға сәйкес критерийлерді ескере отырып);
2) жобалық жұмыстарын алдын ала бағалау (осы Әдістемеге № 4 қосымшаға сәйкес);
3) әдеп жөніндегі уәкіл сауалнамасының қорытындысы;
4) жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасында сауалнама немесе онлайн дауыс беру (осы Әдістемеге № 5 қосымшаға сәйкес). Әлеуметтік сауалнама немесе онлайн дауыс беру сұрақтары аудан әкімдіктерінен конкурс материалдарын алғаннан кейін облыстық Әкімдіктің ресми сайтында, сонымен қатар әкімдіктің ресми ақпарат порталында (Instagram, Facbook және Telegram) жариялануы тиіс;
5) 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері (осы Әдістемеге № 7 қосымшаға сәйкес).
Әңгімелесу кезінде Өңірлік комиссия үміткерлердің сауалнамалық деректерін, жеке жобалық жұмысындағы ұсыныстарының креативтілігін, мемлекеттік наградалары мен жариялымдарының, ғылыми атағы мен дәрежесінің бар-жоқтығын, спорттық және қоғамдық қызметін, мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтау бойынша сауалнаманың, елді мекен тұрғындарының арасында жүргізілген сауалнама мен онлайн дауыс берудің қорытындыларын, әкімнің халықпен кері байланыс орнатуы (жеке қабылдаулары, әлеуметтік желілердегі белсенділігі, БАҚ-тағы жарияланымдары, халықпен кездесулері, жиындары т.б.) назарға алады.
Сонымен бірге, Өңірлік комиссия осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген аудан әкімінің анықтамалық ақпараты және бейнеролик мазмұнын ескереді.
Егер үміткерлер баллдың тең санын жинаған жағдайда, басымдылық күрделі жобаларды іске асыратын, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеретін, халыққа барынша «ашық», оған қатысты азаматтардан дәйекті арыз-шағымдар түспеген немесе ең аз түскен әкімдерге беріледі.
Әңгімелесу 2021 жылғы 20 тамызға дейін өткізіледі.
Республикалық конкурстық комиссияның алдында дербес жобалық жұмысты қорғау бетпе-бет (келу арқылы) немесе бейнебайланыс арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Бұл ретте, баяндамаға 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі, осы уақыт ішінде ұсынып отырған жобаның мәні мен мақсатын, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде туындауы мүмкін мәселелерді, жүзеге асыру кезеңдерін және күтілетін нәтижесін ашып көрсету қажет (осы Әдістемеге № 6 қосымшаға сәйкес).
Республикалық комиссияның шешімі 2021 жылғы 20 қазаннан кешіктірілмей қабылданады.
VІ. Конкурстың қорытындысын шығару