НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі таңда «қызыл» аймақта бір ғана өңір - Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Ал «сары» аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары орналасқан. «Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/koronavirus-nur-sultan-kalasy-ali-kyzyl-aymakta-tur_a3804659