Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық біртіндеп мемлекеттік проблемадан жаһандық проблемаға айналады.
Сыбайлас жемқорлық азаматтардың сеніміне нұқсан келтіреді, нарықтық экономиканың дамуына қауіп төндіреді, елдің экономикалық және ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіреді, Мемлекеттік қызметтің имиджіне теріс әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
«Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі және кешенді сипатқа ие.
Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына негізделеді, оның негізі «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдар, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
«Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ аудан тұрғындарымен, ауыл және ауылдық округ әкімдерімен ҚР азаматтарының заңды құқықтарын қамтамасыз ету және кәсіпкерлік субъектілерін олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Бөлім стратегиялық бағыттардан басқа сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға ықпал ететін жағдайларды жою бойынша алдын алу шараларының кешенін әзірледі. «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру стендтері, шағымдар мен ұсыныстар жәшіктері мен кітаптары орнатылған, сенім телефоны 8(71643) 2-49-13 жұмыс істейді.
Егер қоғамның өзі әрбір азамат атынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға батылдық танытпаса, ал мемлекеттік басқару құзыретті және тиімді болмаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болмайды.

«Атбасар ауданының жер
қатынастары бөлімі» ММ Бастығы Ш.Нуртазин

 

Дата публикации
21 мая 2021