2021 жылғы 9 маусымға тағайындалған Атбасар ауданының Ярослав ауылдық округінің, шығып кеткен орнына, әкімі сайлауын дайындау мен өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

  1. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің халқының назарына сайлау күні туралы хабарды жеткізу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

( 36-1б.  3 т.)

 

  1. Жергілікті қауымдастықпен кеңескеннен кейін балама негізінде сәйкес әкімді ұсыну және сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында әкімге үміткер ретінде тіркелу келісімі туралы өтінішті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну жолымен әкімдерді сайлауға шығару.

Аудан әкімі.

Сайлау күнінен 30 күн бұрын - 2021 жылғы 10 мамырда басталып және сайлау күніне дейін 25 күн ішінде - 2021 жылғы 14 мамырда аяқталады.

 (36-1 б. 3т., 36 б.1т.)

 

  1. Сайлаушылар тізімін құру және оларды дауыс беру пунктінде орналастыру.

Сәйкес мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлауға 7 күн қалғанда –2021 жылғы 2 маусым.

(36-1б. 10 т.)

 

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 б. 3 т. әкімге үміткердің және оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау және сәйкес хаттаманы құрастыру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Үш күн ішінде.

(36 б. 1т., 36-1б. 3т.)

 

  1. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2021 жылғы 1 сәуірге кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыру.

Үміткер және оның жолдасы.

Үміткерді тіркеуге дейін.

(36-1б. 3 т.)

  1. Үміткерді тіркеу және сәйкес куәлікті тапсыру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Қажетті құжаттың барлығын алғаннан кейін басталады және сайлау күніне дейін 15 күн қалғанда тоқтатылады- 2021 жылғы 25 мамыр.

(36-1 б.4т.2тт.  5 т. 6т. )

 

  1. Үміткерлерді тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдары немесе басқа да жолдармен жеткізу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Үміткерді тіркегеннен кейін 7 күннен кешіктірмей.

(36-1 б. 5 т. 1 тт.)

 

  1. Үміткерлер мен олардың жолдастарының кірістер мен мүлкі туралы декларациясының дұрстығын тексеру.

Салық қызметінің органдары.

Үміткер мен оның жолдасының декларациясын алғаннан кейін 7 күн ішінде.

(36-1б. 3т.)

 

  1. Үміткерлердің сенімді тұлғаларын тіркеу мен сәйкес куәліктерді тапсыру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Үміткерлер үшін сенімді тұлғалар тізімін берген сәтінен бастап.

(36-1б. 2т. 2тт., 7т. 2тт.)

 

  1. Үміткерлерге келісімді негізде сайлаушылармен кездесу үшін жайларды ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін өзі басқару органдары.

Сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау алды үгітін жүргізу кезенінде.

(36-1 б. 2т. 1,7 тт.)

 

  1. Сайлау алды үгітін жүргізу туралы.

Әкімдерге үміткерлер, олардың сенімді тұлғалары.

Үміткерлерді тіркеу аяқталғаннан кейін 25 мамырда басталады  және сайлау күні алдында бір күн бұрын жергілікті уақытымен 00 сағатта аяқталады- 2021 жылғы 8 маусым.

 (36-1б 3т)

 

  1. 12. Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.

Әкімдерге үміткерлер, олардың сенімді тұлғалары.

Сәйкес аумақтық сайлау комиссияларына үміткердің келу сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде (Қазақстан Республикасының Орталық сайлау  комиссиясының 2010 жылғы 19.08. № 7/8 қаулысы).

 (36-1 б. 2т. 1,7 тт.)

 

  1. Сайлау қорларының уақытша арнайы есептерінің ашылуы.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Үміткерді тіркегеннен кейін.

(36-1б. 2№ 1,7 тт.)

 

  1. Сайлау үшін пункті ашу және сәйкес хаттаманы құрастыру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдында 1 сағат бұрын.

(36б. 10т.)

 

  1. Әкім сайлауын жүргізу. Дауыстарды санау және әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін жариялау, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттаманы құрастыру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

2021 жылғы  9 маусым  бір күні ішінде.

(36-1б. 10т.)

 

  1. Сайланған әкімді тіркеу. Жоғары тұрған әкімге және сәйкес мәслихатқа шешімді ұсыну.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлауды өткізу күнінен кейін бес күн ішінде - 2021жылғы 14 маусымнан  кешікпей.

(36-1б. 11т.)

  1. Үміткердің сайлау қорындағы қаражаттар туралы есепті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну.

Әкімге үміткерлер.

Сайлау қорытындыларын белгілегеннен кейін 5 күннен кешіктірмей- 2021 жылғы 14 маусымнан кешіктірмей.

 (36-1б. 9т.)

 

  1. Сайлау қорытындылары мен сайланған әкімді тіркеу туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.

      (36-1 б. 11т. 2т.  1,7 тт.)

 

Дата публикации
30 апреля 2021