Қазақстан коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғандар саны бойынша әлемде 52-орында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде Қазақстан азаматтарын вакцинациялау «Спутник V» және «QazVac» вакциналарымен жүргізіліп жатыр. Қазақстан COVID-19-ға қарсы әлемдік вакцина өндірушілердің ондығына кірді. Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан 177 елдің ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғандар саны бойынша 52-орында тұр», - деді министр. Оның атап өтуінше, вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Бұл егуге жататын халықтың 20 пайызын вакцинамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Жұмыс жалғасуда. Вакцинациямен қамту елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді Алексей Цой.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstan-koronaviruska-karsy-vakcinaciya-boyynsha-alemde-52-orynda-tur_a3781308