QAZVAC вакцинасын клиникалық зерттеудiң I-II фазасының нәтижелерi бойынша есептер және III фазасының аралық есебi оның қауiпсiздiгiн растайды.
Ұсынылған есептер негiзiнде, ҚР Үкiметiнiң 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысымен бекiтiлген COVID-19 қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес, вакцина медициналық қолдануға жiберiледi. Естерiңiзге сала кетейiк, QAZVAC уақытша тiркеу куәлiгi 2020 жылдың 31 желтоқсанында берiлген болатын.
Қазақстандық вакцинаны сынаудың үшiншi кезеңi Хаттамада көзделген зерттеу субъектiлерiнiң 50% белгiсiнен өттi және оны ағымдағы жылдың 25 маусымында аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейiн QAZVAC тиiмдiлiгiн толық бағалау жүргiзiледi.
Вакциналардың клиникалық зерттеулерi, соның iшiнде III фазада, бүкiл әлемде жалғасуда. Сонымен, Ресей Федерациясы «Спутник V» зерттеулерiн 2021 жылдың мамыр айының басында аяқтауды жоспарлап отыр, ал әлемдегi көптеген фармацевтикалық компаниялар өз зерттеулерiн 2022-2023 жылдары аяқтайды.
Қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды медициналық қолдануға жедел жiберу туралы шешiмдер әлемнiң көптеген реттеушi органдарында қабылданады. Вакцинация аурудың таралуымен күресудiң ең тиiмдi әдiсi және ұжымдық иммунитеттi қалыптастырудың сенiмдi әдiсi болып қала бередi. Бұл ретте, вакциналарды қолдануға рұқсат етудiң қысқа мерзiмiне қарамастан, олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн тексеру мұқият және барлық талаптарды сақтай отырып жүргiзiледi.
Жағымсыз реакциялар анықталған, «пайда-тәуекелдiң» қолайсыз арақатынасы туралы деректер алынған немесе өнертабысқа немесе пайдалы модельге үшiншi тұлғалардың айрықша құқықтарын бұзу туралы күшiне енген сот шешiмi болған жағдайларда вакцинаны уақытша тiркеу тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкiн екенiн атап өткен жөн
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинациялау ерiктi болып табылады және вакцинацияланушы вакцинация кезiнде қолжетiмдi вакцинациядан өзi еггiсi келетiн вакцинаны таңдауға да құқылы.
Анықтама: QAZVAC вакцинасы — ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Биологиялық қауiпсiздiк проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзiрлеген COVID-19-ға қарсы белсендiлiгi жойылған вакцина. Алдын ала мәлiметтер бойынша, оның тиiмдiлiгi 90% — дан жоғары.
2020 жылғы 31 желтоқсанда «Қазақстан Республикасында өндiрiлген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысының негiзiнде вакцинаға 30.09.2021 жылға дейiнгi мерзiмге 31.12.2020 жылғы ҚР-БП-№1 уақытша тiркеу куәлiгi берiлдi.
Вакцинация бұлшықет iшiне 2 кезеңде жүргiзiледi, бiрiншi және екiншi дозаны енгiзу арасындағы аралық — 21 күн. Вакцинациялау пунктiнде алдымен тексеру жүргiзiледi, сауалнама толтырылады және вакцинациялауға жазбаша ақпарат берiледi.
Вакцинация 18 жастан асқан адамдарға ұсынылады. 18 жасқа дейiнгi балалар үшiн тиiмдiлiк пен қауiпсiздiк зерттелмеген.
QAZVAC вакцинасының 50 мың дозасы өңiрлерге таратылды: 6000 дозадан Нұр-сұлтан мен Алматы, 4000 дозадан Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары, қалған өңiрлер 2000 дозадан алды. Мамыр айында тағы 50 мың доза шығарылады деп күтiлуде. Болашақта препарат өндiрiсi кезең-кезеңiмен айына 500 мың дозаға дейiн артады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/192888?lang=kk