2021 жылдың 1 мамырынан ерiктi зейнетақы жарналарын есепке алу үшiн шоттар автоматты түрде ашылады

2021 жылдың 1 мамырынан ерiктi жарналар бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашуға БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерiктi зейнетақы жарнасы (ЕЗЖ) негiз болып табылады. ЕЗЖ салымшының — жеке тұлғаның өз кiрiсiнен өзiнiң пайдасына аударған сомасы не салымшының (жеке немесе заңды тұлғаның) алушының пайдасына аударған сомасы болуы мүмкiн. Бұл ретте жарналардың мөлшерi мен мерзiмдiлiгiн салымшы өзi айқындайды.

Атап кету керек, жеке тұлға өз кiрiсiнен өзiнiң пайдасына ЕЗЖ аударған кезде салық заңнамасында төленген ЕЖЗ сомасына салық шегерiмдерi қарастырылған.

Бұдан бөлек, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық агентiнiң (жұмыс берушiнiң) жеке қаражаты есебiнен жұмыскердiң пайдасына төлеген ЕЗЖ-сы корпоративтi табыс салығын төлеу кезiнде шегерiлiмге жатады. Сол уақытта жұмыс берушiнiң жұмыскердiң пайдасына төлеген ЕЗЖ сомалары жұмыскердiң кiрiсiне салық салу кезiнде есепке алынбайды.

Осылайша жұмыс берушi өз жұмыскерлерiнiң пайдасына ЕЗЖ төлей отырып, салық салу кезiнде жеңiлдiктерге, сондай-ақ, өз қызметкерлерiн ынталандыруда қосымша құралға ие болады. Жұмыскер үшiн бұл БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтары сомасының өсуi, сәйкесiнше, Қордан төленетiн зейнетақы төлемдерi мөлшерiнiң көбейуi ретiнде оң сипат алады.

Ерiктi зейнетақы жарналарын екiншi деңгейдегi банкiлер (ЕДБ) не «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерi арқылы аударуға болады. Екiншi деңгейдегi бiрқатар банкiлер ЕЗЖ онлайн (мобильдi қосымша немесе өзiн-өзi қызмет көрсету терминалдары) арқылы аударуға мүмкiндiк бередi. Бұдан бөлек, өз пайдасына ЕЗЖ жарналарын тұрақты аудару үшiн жұмыс берушiнiң атына өтiнiш жазуға да болады. Соның негiзiнде жұмыс берушi ЕЗЖ өтiнiш иесiнiң не үшiншi тұлғаның пайдасына БЖЗҚ-ға тұрақты түрде аударып отырады.

Бұл ретте пайдасына ЕЗЖ аударылып тұратын жеке тұлғаны сәйкестендiру, ЕЗЖ төлеу барысында электрондық форматтағы төлем тапсырмасында көрсетiлген жеке деректерi (аты-жөнi, ЖСН, туған күнi) бойынша орындалатын болады. Жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелерi , тұрғылықты мекенжайы, өзге де деректемелерi туралы барлық қажеттi мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
27 апреля 2021