Атбасар ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

№р/б Іс-шараның атауы 2020 жылдың 12 айы орындалуы туралы ақпарат
1 Заңнамалық актілерді мына бөліктерде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу:1) жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін алуға арналған кезектің бірыңғай тізілімін енгізу;2) жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін оңтайландыру Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін алуға арналған кезек саны 31.12.2020 жылдың жағдайына 49 адам.Бұл кезек тізімі Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында және «Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ стендінде орналасқан.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілді, онда мемлекеттік қызметті электрондық түрде (ЭҮП) алу тәртібі айқындалды.2020 жылы жер қатынастары саласында 430 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 24 қызмет ЭҮП арқылы жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді
2 Мемлекеттік қызметтегі мүдделер мен шектеулердің қақтығысы мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу, кейін мүдделер қақтығыстарының, әдепсіздіктер мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылартардың алдын алу мен реттеу бойынша практикалық құрал жазу (ерекшеліктерді ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлеу (болған жағдайда толықтырулар енгізу), мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында орналастыру) Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік мекемелерде ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу көзделеді.Әрбір мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тоқсан сайын дербес жүргізіледі. Әрбір басшы мемлекеттік органның қызметіне дербес жауапты болады, тиісінше талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізіледі;2020 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округтер әкімдіктерінің 13 аппараты және 13 мемлекеттік мекемесі жүргізді, қорытындысы бойынша "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы"Қазақстан Республикасы заңнамасының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар енгізілді. Жол берген бұзушылықтарды тәртіптік жауапкершілікке тартуды қарау бойынша шаралар қабылдандыАудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі болып табылатын әкімдіктің 6 отырысы өткізілдіМемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшінің этикалық нормаларын сақтау саласындағы заңнама талаптары түсіндірілді.
3 Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың, комиссиялардың отырыстарында қызметінің саласы сыбайлас жемқорлық тұрғысынан осал болып табылатын (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары бойынша)жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау 2020 жылдың 16наурызында Атбасар ауданы әкімдігі жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл мәселесі жөніндегі комиссиясының отырысы өтті, келесі сұрақтар қаралды «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық көрінісінің туындауын төмендету жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру туралы Қаранағаев Серекбай Талгатұлы – «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» ММ басшысы ;«Мариновка ауылдық округі әкімсінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері туралы Қалиев Жанболат Нурмуханбетұлы - Мариновка ауылдық округінің әкімі Атбасар ауданында халықтың мұқтаждықтары қанағаттандыру үшін жайылымдарды беру туралы Нұртазин Шаймерден Лұқманұлы -«Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы2020 жылдың 17 маусымында Атбасар ауданы әкімдігі жаннында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл мәселесі жөніндегі комиссиясының отырысы өтті, келесі сұрақтар қаралды: «Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы Тасимов Мейрам Жағыпарұлы - Сепе ауылдық округінің әкімі; QOLDAY.KZ порталы арқылы Атбасар ауданындағы жайылым жерлерін космомониторинг бойынша атқарылған жұмыс туралы Нұртазин Шаймерден Лұқманұлы -«Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы; ТЖ кезінде коммуналдық шығындарды өтеу үшін бөлінген ақшалай қаражаттарды тиімді пайдалану туралы Қайыржан Әнес Саятұлы – «Атбасар ауданының ТКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі» ММ басшысы; «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ атқарылған жұмыстары туралы Джапарова Баян Жақиянқызы – «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы; Ауданның білім мекемелеріне жөңдеуге бөлінген қаражаттарды тиімді пайдалану туралы Наймушина Наталья Георгиевна - «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ басшысы2020 жылдың 28 қыркүйегінде Атбасар ауданы әкімдігі жаннында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі комиссиясының отырысы өтті, келесі сұрақтар қаралды«Атбасар ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде Жанабаев М.Т. бөлім басшысы, «Атбасар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде Нұртазин Ш.Л.-бөлім басшысы, Атбасар қ. қала ішіндегі жолдарын жөңдеу үшін бөлінген қаражатты тиімді пайдалану туралы Асқаров М.С.-Атбасар қ., әкімі, Бастау ауылында ЖҚБ бағдарламасы және «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында жобалардың аяқталуы туралы Қайыржан А. Бастау а/о әкімі, Елдімекен көшелерін жөңдеуге бөлінген қаражаттарды тиімді пайдалану туралы - Белялова А.Д.-Ақан Құрманов а/о әкімі2020 жылғы 4 желтоқсанда Атбасар ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өткізілді, комиссия отырысына Ақмола облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің штаб басшысы Рамазанов Жанайдар Талғатбекұлы, Арнайы мониторингтік топ мүшелері:Абаев Абубакар Умалтович, Мукушев Данияр Темірханұлы қатысты және келесі мәселелер қаралды:" білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие " - білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г.," сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде спорттық іс - шараларды ұйымдастыру және өткізу " - спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Капсатар А. Б., "Атбасар ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша» - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А. М. Ахмедьянов," сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылдың және мемлекеттік мекемелерде анықталған ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жай-күйін талдау"," сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2020 жылғы жұмыс нәтижелері және Комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын қарау туралы " - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Ж. С. Ақылбаева.2020 жылы 4 отырыс өткізілді, 17 мәселе қаралды және 40-тан астам тапсырма берілді, бүгінгі күні тапсырмалар орындалды.

Қоғамдық бақылау институтын енгізу

4 Орта білім беру ұйымдарының басшылары оқушылардың ата-аналар ұжымдары алдында есеп беруін, соның ішінде орта білім беру ұйымын қаржыландыруға бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы блойынша есеп беруін өткізу "Атбасар ауданының білім бөлімі" ММ басшысының 2020 жылғы 18 тамыздағы №02-03/282-1 бұйрығымен ауданның білім беру мекемесінің мұқтаждықтары үшін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақшалай қаражат жинауға тыйым салынады. Осы бұйрықтың орындалмағаны үшін жауапкершілік көзделеді. Директорлар мен педагогикалық құрам осы бұйрықтың талаптарымен танысқан және сайтта жарияланған сілтеме http://atbasar.akmoedu.kz2020 жылдың 18 қазанында "Атбасар ауданының білім бөлімі" ММ басшысының төрағалығымен ZOOM бағдарламасы арқылы педагогикалық кеңестің отырыстары өткізілді, барлық педагогикалық құрам қатысты.2020 жылдың қазан айында ауданның және қаланың барлық мектептерінде, балабақшаларында, шағын орталықтарында әкімшіліктің (директор, оқу ісінің меңгерушісі) қатысуымен оқушылардың ата-аналары ұжымы алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстауға бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы жөнінде жиналыстар өткізілді. (хаттама бар)Орта білім беру ұйымдарының басшылары оқушылардың ата-аналары ұжымдарының алдында есеп беру аясында мектептерде жиналыс өткізіліп оытрады, сонда мектепке бюджеттен бөлінетін қаражаттардың шығындалуы жөнінде мәліметтер тыңдалып түрлі мәселелер қаралды.
5 ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Атбасар ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ 2020 жылдың екінші жартыжылдығына 200 мың теңге сома көлемінде ақшалай қаражат ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бөлінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

6 Жастар ұйымдарын тарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту-тәрбиелеу үрдісіне қосу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту Атбасар ауданында Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына сәйкес барлық салалар мен бағыттарда мақсатты жұмыс жүргізілуде.Қазіргі уақытта біздің ауданда халық саны 48000 адамды құрайды,оның ішінде 14 - тен 29 жасқа дейінгі жастар 16561 адам, бұл 34% - ды құрайды (ауыл-5316 және қала-11245). Жастар арасындағы гендерлік арақатынас 7215 - жасөспірімдерді және 9346 - қыз балаларды құрайды)Жастармен жұмыстың негізгі нысандары атаулы жұмыс, консультациялық көмек көрсету, жастардың қажеттіліктері негізінде әлеуметтік жобаларды іске асыру, бос уақытты ұйымдастыру, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, жастар волонтерлігін дамыту және жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көріністерін насихаттау болып табылады.Бүгінгі күні оқушы жастар саны – 14–тен 18 жасқа дейін – 486 адам, жоо-да 99 адам, ТжКБ студенттері-906 адам оқиды.Жастар ұйымдарын тартумен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені оқу-тәрбие процесіне енгізумен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді2020 жылы Атбасар ауданының жастар ресурстық орталығы 100-ден астам түрлі іс-шаралар мен акциялар өткізді және 2500-ден астам адамды қамтитын 300-ге жуық кәмелетке толмаған еріктілер жұмылдырылды.2020 жылдың 15 қаңтарында 500-ден астам адамды қамтитын еріктілер жылының ашылу форумы өтті.2020 жылдың 1 ақпанынан бастап "Helping Hand" еріктілер корпусы жұмыс істейді, үйлестіруші - МОО, куратор - Минец Юлия.Наурыз айында волонтерлерді "Helping Hand" волонтерлік корпусына арнау болды, қаладан 30 бала және ауылдар мен ауылдық округтерден 50-ге жуық бала төсбелгімен және біздің эмблемасы бар сертификатпен марапатталды ,бұл олардың біздің корпустың ресми волонтерлері болып табылатынын растайды.
7 Белгілі ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдерінің сұхбаттарын қарастыра отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, теледидар хабарларына және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-тарда ақпараттық-насихаттау жұмыстарын кеңінен ұйымдастыру Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, құқықбұзушылықты алдын алу жөнінде мақалаларды жергілікті басылымға беріп отыру жөнінде Жоспар бекітілген.Тұрақты түрде аудандық «Простор-Атбасар» газетінде ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілді.21 ақпан 2020 жыл №7 «О статусе педагога» - Наймушина Н.- білім бөлімінің басшысы, 20 наурыз 2020 жыл № 11 «Соблюдать Правила служебной этики государственными служащими» - Ақылбаева Ж.С. аудан әкімі аппаратының әдеп уәкілі, 27 наурыз 2020 жыл №12 «Телефон соғуды сұраймыз» - «Телефон доверие» – Атбасар ауданы әкімінің аппараты, 8 мамыр 2020 жыл №18 – «Жемқорлыққа жол жоқ» - Атбасар аудандық соты, 22 мамыр 2020 жыл №20 «Борьба с коррупцией – дело общее» - Атбасар аудандық соты, 5 маусым 2020 жыл №22 «Простор - Atbasar» - «Противодействие коррупции в органах казначейства – аудандық қазынашылық бөлімі
8 «Адалұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік жиындарын өткізу Атбасар қ., аудан орта мектептінде оқушылар арасында оқушылардың құқықбұзушылыққа қарсы қылығын дамыту, адалдықты ертеден бастап үйрету мақсатында «Адал дүкен»- «Магазин честности» ұйымдастырылды.2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығында ауданның 32 мектебінде "Адалдық сағат" акциясы қашықтықтан өтті. Бұл акция білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілді. Бұл акцияға 3 мыңнан астам мектеп оқушылары қатысты.Білім беру мекемелерінде білім беру саласындағы мәселелер бойынша өтініштер қабылдау үшін Cаll-орталықтарының телефондары жұмыс істейді. Білім бөлімінің сайтында сенім телефоны орналастырылған, "Виртуалды қабылдау бөлмесі" бөлімі бар, онда азаматтар түрлі сұрақтар бойынша жүгіне алады. Әрбір өтініш жеке қарастырылады және ол бойынша заңнамада белгіленген мерзімде жауап беріледі. Білім бөлімінің басшысымен кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі.
9 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-, бейнероликтер түсіруді қарастыру және көрсетілуін ұйымдастыру 2020 жылы "Адал көмек", "Antikor.Live " бағдарламасына Atbasar aydanynyn akimdigi ресми аккаунтында Инстаграмда аудан әкімдігінің лауазымды тұлғалары, ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары, мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, АММБ, Атбасар аудандық сотының судьялары, нотариустар, азаматтық істер бойынша адвокаттар мен медиаторлар және т.б. қатысты. 2020 жылы 56 тікелей эфир өткізілді. "Antikor.Live " 2020 жылы 27 тікелей эфир өткізілді.Әлеуметтік ФБ, однокласнники, ВК, Инстаграмм желілерінде#АnticorruptionМы против коррупции! Хэштегімен әлеметтік роликтері орналастырылып отырады.
10 Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен төзбеушілігін, клиентке бағытталуын бағалау, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендету деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен төзбеушілігін, клиентке бағытталуын бағалау, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендету деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу жоспарлануда

 

Стратегияны жүзеге асыру мониторингі және бағалау

11 Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуын арнайы мониторинг тобымен сыртқы талдауды және бағалауды жүргізуді қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік мекемелерде ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу көзделеді.Әрбір мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тоқсан сайын дербес жүргізіледі. Әрбір басшы мемлекеттік органның қызметіне дербес жауапты болады, тиісінше талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізіледі;2020 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округтер әкімдіктерінің 13 аппараты және 13 мемлекеттік мекемесі жүргізді, қорытындысы бойынша "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы"Қазақстан Республикасы заңнамасының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар енгізілді. Жол берген бұзушылықтарды тәртіптік жауапкершілікке тартуды қарау бойынша шаралар қабылдандыАудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі болып табылатын әкімдіктің 6 отырысы өткізілдіМемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшінің этикалық нормаларын сақтау саласындағы заңнама талаптары түсіндірілді.Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі " ММ қызметіне сыртқы сыбайлас жемқорлық талдау жүргізілді»Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі, сыртқы талдаудың қорытындылары аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырыстарында қаралады
12 Халықтың тарапынан сыртқы баға алу және қоғамдық пікірді ескеру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысы туралы есептердіБАҚ-тарда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау 2018 жылдан бастап Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында Атбасар ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жарияланды.2020 жылдың 12 ай ішінде аудандық «Простор -Atbasar» газетінде жіне әлеуметтік желіде 269 материал жарияланды.21 ақпан 2020 жыл №7 «О статусе педагога» - Наймушина Н.- білім бөлімінің басшысы, 20 наурыз 2020 жыл № 11 «Соблюдать Правила служебной этики государственными служащими» - Ақылбаева Ж.С. аудан әкімі аппаратының әдеп уәкілі, 27 наурыз 2020 жыл №12 «Телефон соғуды сұраймыз» - «Телефон доверие» – Атбасар ауданы әкімінің аппараты, 8 мамыр 2020 жыл №18 – «Жемқорлыққа жол жоқ» - Атбасар аудандық соты, 22 мамыр 2020 жыл №20 «Борьба с коррупцией – дело общее» - Атбасар аудандық соты, 5 маусым 2020 жыл №22 «Простор - Atbasar» - «Противодействие коррупции в органах казначейства – аудандық қазынашылық бөлімі

 

«Көлеңкелі экономикаға қасы іс-қимыл» бөлімі

13 Бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершіліккке тартудың тиімді тетіктерін құру және іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асырудың барлық сатыларында жауапкершіліктің аражігін ажырату бойынша ұсыныстар енгізу Бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершіліккке тартудың тиімді тетіктерін құру және іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асырудың барлық сатыларында жауапкершіліктің аражігін ажырату бойынша ұсыныстар енгізу қаралуда.2019 жылдан бастап "ашық бюджеттердің интерактивті картасы" жобасы іске асырылуда ол ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету, азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенім деңгейін арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасында тікелей байланыс арнасын құру үшін құрылғанАтбасар ауданы бойынша "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілері және ведомстволық бағынысты ұйымдардың бөлінген соманы көрсете отырып, 2020 жылға арналған бюджеттерді объектілердің фотосуреттерімен дербес орналастырды.Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасаған WhatsApp қосымшасының "ашық бюджеттердің интерактивті картасы" чатына енгізілді, олар топ әкімшісінің ескертулеріне сәйкес құрылған бюджеттерге түзетулер енгізеді.2020 жылы порталға ашық бюджеттердің интерактивті картасы барлығы 19 ұйымның бюджеттері орналастырылды, оның ішінде: - аудан әкімінің аппараты және 12 дербес бөлімдер, 6 ведомстволық бағынысты ұйымдар
14 Ірі сауда объектілерінің (дүкен, сауда үйі) құрылыстарын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізу бойынша ұсыныстар енгізу Ірі сауда обьектілерін несиелендіру мезанизмі бойынша Атбасар ауданы аумағында үш обьект: «Баха соне» ЖШС – Покровка ауылы аумағында ұн-жарма өндірісінің өнімдерін шығару, «Исмагулов Б.К.»ЖК- жылына 30 мың тонна қуаттылықпен сүтті қайта өңдеу және ірімшік өндіру,оба құны 11,3 млн.тг., «Бастау» ЖШС- 1500 фуражный породалық мал басына сүтті малдарды өсіру және дамыту,қаратылатын инветиция 5 млрд.тг.,
15 Ашықтығын арттыру мақсатында, соның ішінде тендерді жеңіп алған тұлға, бағасы, тауар мен қызмет туралы егжей-тегжейлі сипаттама, сондай-ақ өндіруші туралы ақпарат жариялау арқылы квазимемлекеттік секторды сатып алу тетіктерін жетілдіру Ашықтығын арттыру мақсатында, соның ішінде тендерді жеңіп алған тұлға, бағасы, тауар мен қызмет туралы егжей-тегжейлі сипаттама, сондай-ақ өндіруші туралы ақпарат жариялау арқылы квазимемлекеттік секторды сатып алу тетіктерін жетілдіру мәселесі тұрақты түрде қаралуда.
16 Облыс өңірлерінде «Адалжол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын жүзеге асыру  
17 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету Атбасар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы № а-/8 Атбасар ауданында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын 2020 жылға бекіту туралы» қаулысымен қабылданып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспар бекітілді.2020 жылғы 4 және 9 желтоқсанда аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ж.С. Ақылбаева «Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшыларымен, бөлім ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтау, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық климатты қамтамасыз ету, алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.Қызметтік автокөлікті пайдалану фактілерін болдырмау мақсатында, яғни мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау туралы, оның ішінде мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету және демалыс, мереке күндері қызметтік автокөлік құралдарын жеке мақсаттарда пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар қабылдауға тыйым салу бойынша Атбасар ауданы әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 109 өкімі қабылданды, мемлекеттік қызметшілер жеке –жеке таныстырылды.
18 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ шеңберінде құқықбұзушылықтың барлық түрлеріне «нөлдік» төзімділік деңгейін қалыптастыру бойынша өңірдік еңбек ұжымдарын ақпараттық түсініктеме беру жұмысымен қамтуды қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобымен үнемі 6 квазимемлекеттік сектор еңбек ұжымдарында және 25 мемлекеттік қзыметшілердің қатысуымен барлық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділік деңгейін қалыптастыру жөнінде кездесулер, дәрістер жыл бойы 6 ұжымда өтті. Ауыл және ауылдық округі әкімдерінің басшылығымен ауылд мектептерінде, кітапханаларында әлеуметтік сала қызметкрелері арасында тұрақты түрде жемқорлыққа қарсы тақырыбында іс шаралар өткізіліп отырады. Аудандық және ауылдық кітапханаларында «Болашақ жемқорлықсыз» тақырыбында көрмелер, дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады. Халықпен есеп беру кездесулер алдында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «НұрОтан» партиясының отырысында сөйлеген, яғни халық арасында биліктің әр саласында жемқорлықты түбегейлі жою жөнінде айтылған сөздерін фильм ретінде көрсетті. Ал ауыл және ауылдық округтерінің әкімдіктерінде мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтануын бақылау кітабы орнатылған. Стендеттерде буклеттер мен жаднамалар ілінген.
19 БАҚ-тар мен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жарияланымдарды қамтамасыз ету Аудан әкімі аппарат басшысының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес, меморгандардың басшылары, қала, ауыл және ауылдық округі әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында ай сайын БАҚ мақала жарияланып отырады. 2020 жылдың 12 ай ішінде аудандық «Простор -Atbasar» газетінде жіне әлеуметтік желіде 269 материал жарияланды.
20 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы театр қойылымдары 2020 жылдың мамыр айында АМҮ-де "Театр өнері" жобасын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа театрландырылған қойылым өтті. Әртістердің рөлінде аудандық мәдениет үйінің жас әртістері "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»атты қойылымында көрініс көрсетті. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Қазан айында КВН, қойылымдар өтті..
21 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықты қамту 14831 адамды құрады немесе аудан халқына 31,3% (47277 адам). Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдардың пайыздық өсімі өткен жылмен салыстырғанда 0,2% - ға өсті. Оның ішінде 6-29 жас аралығындағы жастар 5569 адамды құрады. Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 799 оқушы шұғылданады (спорт түрлері бойынша: грек-рим күресі, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, футбол, бокс).Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықты қамтуды ұлғайту үшін спорттық іс-шаралар өткізіледі. "Хрустальный колос" қысқы аудандық спартакиадасы (спорттың 6 түрі бойынша: президенттік көпсайыс, спорттық балық аулау, қарда шағын футбол, отбасылық старттар, шаңғы жарысы, шорт-трек) ірі іс-шаралардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, жыл сайын аудандық жазғы "Ақ бидай" спартакиадасы (спорттың 9 түрі бойынша: стритбол, волейбол, футбол, л/атлетика, президенттік көпсайыс, Н/теннис, шахмат, дойбы, отбасылық старттар), халықтық спорт түрлері бойынша аудандық "Құлагер" спартакиадасы (5 түрі бойынша: қазақ күресі, тоғыз құмалақ, гір спорты, армрестлинг, қалалық спорт түрлері) өткізіледі.)Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрмановты еске алуға арналған грек-рим күресінен ашық турнирлер және Атбасар ауданы әкімінің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында бокстан турнир және Атбасар қ.боксшыларын еске алу өткізіледі.Аудан спортшылары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы өткізетін спорттық іс-шараларға белсенді қатысады. Ақмола облысы құрамасының құрамында грек-рим күресі, бокс, ауыр атлетика, президенттік көпсайыс, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спортшылар бар.МБЖСМ көптеген тәрбиеленушілері жоғары нәтижелер көрсетті:
22 Облыстың АМТ бірлесіп жұмыс уақытынан тыс кезеңде қызметтік автокөлікті пайдалануды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүргізу 2020 жылғы 24 қарашада Атбасар ауданының әкімі А.Қалжановтың төрағалығымен Zoom бағдарламасы арқылы, «Ақмола облысы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі А.Б.Жанәділованың, «Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті» РММ бас маманы А.Т. Омаровтың, Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің және ауданның мемлекеттік мекемелері басшыларының қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының және ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша онлаин кеңес ұйымдастырылды.2020 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының 38-тармағын орындауда «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі Ж.С. Ақылбаевамен Атбасар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп демалыс және мереке күндері қызметтік автокөлікті пайдалануды анықтау мақсатында іс-шара (рейд) өткізілді. Іс-шараны өткізу барысында қызметтік автокөлік құралдарын жұмыстан тыс уақытта жеке мақсатта пайдалану фактілері анықталған жоқ. Сілтеме:https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=848177152683512&id=10002473705279)Жұмыс уақытынан тыс кезеңде қызметтік автокөлікті пайдалануды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүргізу тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Осы уақытта анықталмады.
Дата публикации
26 марта 2021