Атбасар ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Атбасар ауданы әкімдігінің

2019 жылғы 8 қаңтардағы

№ а-1/3 қаулысымен бекітілді

 

 

Атбасар ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

 

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

 

№

р/б

Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

туралы ақпарат

1

Заңнамалық актілерді мына бөліктерде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу:

1) жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін алуға арналған кезектің біріңғай тізілімін енгізу;

2) жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарын өзгерту рәсімдерін оңтайландыру

2020 жылғы

1 мамырға дейін

"Атбасар ауданының жер қатынастары Бөлімі "ММ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ, Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі 

 

2

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер мен шектеулердің қақтығысы мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу, кейін мүдделер қақтығыстарының, әдепсіздіктер мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылартардың алдын алу мен реттеу бойынша практикалық құрал жазу (ерекшеліктерді ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлеу (болған жағдайда толықтырулар енгізу), мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында орналастыру)

жартыжылдық бойынша ақпарат

Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі,

Атбасар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі

 

 

3

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың, комиссиялардың отырыстарында қызметінің саласы сыбайлас жемқорлық тұрғысынан осал болып табылатын (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің қорытындылары бойынша)жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау

жартыжылдықта бір рет

Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі 

 

Қоғамдық бақылау институтын енгізу

 

4

Орта білім беру ұйымдарының басшылары оқушылардың ата-аналар ұжымдары алдында есеп беруін, соның ішінде орта білім беру ұйымын қаржыландыруға бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы блойынша есеп беруін өткізу

оқу жылында

2 рет

(қараша, сәуір)

«Атбасар ауданының білім бөлімі" ММ

 

5

ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру

бөлінген қаржыға сәйкес, жыл сайын мамырда

"Атбасар ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

 

6

Жастар ұйымдарын тарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту-тәрбиелеу үрдісіне қосу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

15 қыркүйекке дейін

"Атбасар ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ

 

7

Белгілі ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдерінің сұхбаттарын қарастыра отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, теледидар хабарларына және «тікелей желілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-тарда ақпараттық-насихаттау жұмыстарын кеңінен ұйымдастыру

тоқсан сайын

"Атбасар ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ, Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі 

 

8

«Адалұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік жиындарын өткізу

жыл сайын, қарашада

«Атбасар ауданының білім бөлімі" ММ

 

9

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-, бейнероликтер түсіруді қарастыру және көрсетілуін ұйымдастыру

әрдайым

"Атбасар ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ

 

10

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен төзбеушілігін, клиентке бағытталуын бағалау, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендету деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу

жыл сайын қыркүйекте

"Атбасар ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ

 

 

Стратегияны жүзеге асыру мониторингі және бағалау

11

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуын арнайы мониторинг тобымен сыртқы талдауды және бағалауды жүргізуді қамтамасыз ету

жартыжылдықтың қортындысы бойынша

"Атбасар ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ, Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі 

 

12

Халықтың тарапынан сыртқы баға алу және қоғамдық пікірді ескеру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысы туралы есептердіБАҚ-тарда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау

жыл сайын жылдың қортындысы бойынша,

15 ақпанға дейін

Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі 

 

 

 «Көлеңкелі экономикаға қасы іс-қимыл» бөлімі

13

Бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершіліккке тартудың тиімді тетіктерін құру және іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асырудың барлық сатыларында жауапкершіліктің аражігін ажырату бойынша ұсыныстар енгізу

2019 жылғы

1 қыркүйек

"Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ

 

 

14

Ірі сауда объектілерінің (дүкен, сауда үйі) құрылыстарын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізу бойынша ұсыныстар енгізу

жыл сайын, қараша-желтоқсан

"Атбасар ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ

 

15

Ашықтығын арттыру мақсатында, соның ішінде тендерді жеңіп алған тұлға, бағасы, тауар мен қызмет туралы егжей-тегжейлі сипаттама, сондай-ақ өндіруші туралы ақпарат жариялау арқылы квазимемлекеттік секторды сатып алу тетіктерін жетілдіру

жартыжылдық

"Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ

 

 

16

Облыс өңірлерінде «Адалжол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын жүзеге асыру

жыл сайын

жылдың қорытындысы бойынша, қарашадан кешіктірмей

Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі  , Атбасар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі

 

 

17

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету

жыл сайын

жылдың қортындысы бойынша, қарашадан кешіктірмей

 

Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі 

 

18

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ шеңберінде құқықбұзушылықтың барлық түрлеріне «нөлдік» төзімділік деңгейін қалыптастыру бойынша өңірдік еңбек ұжымдарын ақпараттық түсініктеме беру жұмысымен қамтуды қамтамасыз ету. 

әрдайым

жыл сайын

1 желтоқсанға дейін ақпарат тапсырып отыру

ГУ «Отдел внутренней политики Атбасарского района», Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі , Қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері

 

19

БАҚ-тар мен мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жарияланымдарды қамтамасыз ету

жартыжылдықта бір рет

Қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдар

 

 

20

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы театрқойылымдары

жартыжылдықта бір рет

"Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ

 

21

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

жыл сайын

23 маусымға дейін

"Атбасар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ

 

22

Облыстың АМТ бірлесіп жұмыс уақытынан тыс кезеңде қызметтік автокөлікті пайдалануды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүргізу

жыл сайын

"Атбасар ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ, Атбасар ауданы мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі  

 

 

 

Дата публикации
13 апреля 2021