Тек екi айдың iшiнде БЖЗҚ салымшылары 7 миллионнан астам қызмет алды

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бастап 01.01.2021-01.03.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 7,2 миллион қызмет көрсеттi. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 2,2 есе көп. Айта кету керек, өсiм электрондық қызметтер бойынша да, БЖЗҚ филиалдарында тiкелей көрсетiлген қызметтер бойынша да болды.

Виртуалды кеңiстiкте Қордың 6,6 миллион қызметi көрсетiлдi, бұл көрсетiлген қызметтердiң жалпы көлемiнiң 91,8% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердiң танымалдығы үш есе өстi. Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ сайтында да, мобильдi қосымшасында да бар жеке кабинеттiң көмегiмен салымшылар үйден шықпай-ақ жеке зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме, ЖЗШ-ның бар-жоғы туралы анықтама ала алады. Зейнетақы жинақтарының сомасын iшiнара пайдалану және (немесе) ИПБ-ға аудару үшiн тексерiп, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады, 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң мерзiмсiз болып белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру және тағы да басқа көптеген қызметтердi ала алады.

Салымшылардың бiр бөлiгi бұрынғысынша Қазақстан бойынша орналасқан бiздiң филиалдарымызға өтiнiш бiлдiредi. 1 наурыздағы жағдай бойынша салымшылар БЖЗҚ бөлiмшелерiнде 581,8 мың қызмет алды, бұл өткен 2020 жылмен салыстырғанда 37,8 мың қызметке (немесе 6,9% — ға) артық.

БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — сапалы кеңес беру қызметтерiн көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшiн ақпараттық арналарды дамыту екенiн атап өту маңызды. 2021 жылдың алғашқы екi айында керi байланыс арналары арқылы салымшылардың өтiнiштерiнiң саны бiр жыл бұрынғы көрсеткiштермен салыстырғанда үш есеге артты. 2021 жылғы 1 наурызға 461,9 мың өтiнiш, ал 2020 жылғы 1 наурызға 146,8 мың өтiнiш түстi.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi бойынша call-орталықтан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) кеңес ала алады, сондай-ақ, кеңестердi www.enpf.kz корпоративтiк сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары арқылы және Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ ресми парақшаларынан алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
08 апреля 2021