«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
- Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Атбасар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толтырылу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын..
- Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Атбасар ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
- Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы №7С 2/2 «ҚР ӘМ Ақмола облысының Әділет департаменті» РММ 2021 жылғы 21 қаңтардағы №8333 тіркелген шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Атбасар аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы
|
|
|
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы Б.Қамбатыров