«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкiмiнiң» Ақмола облысы, Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерiнiң тiзбесi
ТАБЛИЦА EXCEL
Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар берiледi:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;
2) конкурстық ұсыныс.
Конкурстық ұсыныста:
1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) Шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау;
3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде Жер кодексiнiң 43-1-бабының 9-тармағында көрсетiлген мәлiметтер қамтылуы тиiс.
Конкурстық ұсыныста өтiнiм берушi ұсынған мiндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлiгi болып табылады.
Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қабылдау және тiркеу конкурс өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң 2021 жылдың «5» мамырынан бастап 2021 жылдың «27» мамыр қоса аралығында мына мекен-жай өтiнiм қабылдау және тiркеу жүргiзiледi: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесi 3, 2 қабат, 14 кабинет.
Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурс 2021 жылғы 28 мамырда сағат 10:00-де Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесi 3, 1 қабат мәжiлiс залы мекенжайы бойынша өткiзiледi.
Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Жақсы ауданының әкiмдiгiнiң http://zhaksy.gov.kz интернет-ресурстарынан немесе "Жақсы аудынының жер қатынастары бөлiмi" ММ-нiң телефондар бойынша алуға болады: 8 (71645) 2-20-25