2021 жылдың 1 наурызына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 385 500 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 704 миллиард теңгеге 585 мыңнан астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның iшiнде:
- бiржолғы зейнетақы төлемдерi — 649,9 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 19,3 млрд теңге;
- зейнеткерлiк жасқа толу бойынша төлемдер — 15, 9 млрд теңг;е
- мұрагерлiк бойынша төлемдер — 13,3 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 4,5 млрд теңге;
- жерлеуге берiлетiн төлемдер — 0,9 млрд теңге;
- мүгедектiк бойынша төлемдер — 0,4 млрд теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты) 28 322 теңгенi құрап, ай сайынғы ең жоғарғы төлем сомасы 522 610 теңге болды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).