2021 жылғы ақпанда Атбасар ауданы әкімінің есеп беру кездесуінде айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат

(2021 жылғы 1-сәуірдегі жағдай бойынша )

№ р/с Тапсырма Орындалу мерзімі Кімге тапсырылды Орындалуы туралы ақпарат
1. Шуйское ауылындағы су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды аяқтау 2021 жылғы 1 тамызға дейін К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары, С. Т. Каранағаев – «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Ә. Қ. Тоқжұманова – Макеевка ауылдық округінің әкімі Қазіргі уақытта Шуйское а. алаңішілік су құбыры желілері бойынша жұмыстар жүргізілуде, жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес нысанды пайдалануға беру 2021 жылдың 01 шілдесіне жоспарланған.
2. Бейса Хазирет ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту және Сочинское ауылындағы су құбыры желілерінің бірінші кезеңін салу 2021 жылғы 1 қазанға дейін К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары, С. Т. Қаранағаев – «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, С.А.Валитова – Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі 2021 жылы облыстық бюджеттен «Бейіс Хазірет ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту» бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) жүргізу үшін 261 млн.686 мың теңге бөлінді, қазіргі уақытта ҚМЖ жүргізуге шарттар жасалды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары, материал сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылғы 22 желтоқсанда «Сочинское ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысына» ЖСҚ әзірленді, сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2020 жылғы 29 желтоқсанда Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 1 млрд.233 млн. 039 мың теңге сомасына бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өткізіліп, сатып алуға қатысушылардың өтінішіне байланысты конкурс шағымдану сатысында, шағымды қарау мерзімі 2021 жылғы 14 сәуірге дейін өткізілді.
3. Бастау ауылында көше жарығын электрмен жабдықтау желісінің құрылысы 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары, С. Т. Қаранағаев – «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, А.Кайыржан – Бастау ауылдық округінің әкімі 2019 жылы 77 млн.650 мың теңге сомасына «Бастау ауылында көше жарығын электрмен жабдықтау желісінің құрылысы» ЖСҚ әзірленді.2021 жылы жобаны іске асыруға облыстық бюджеттен 76 млн.897 мың теңге бөлінді.2021 жылғы 10 наурызда «Комплект Азия Сервис» ЖШС-мен 60 млн.746 мың теңге сомасына құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) жүргізуге шарт жасалды.Құрылыстың басталу күні 2021 жылғы 03 мамыр, шарт бойынша орындау мерзімі 2021 жылғы 01 қараша.
4. «Олимп» ДСК-нан Н.Нұрсейітов көшесіне дейін М.Әуезов, Майкутов, Жеңіс көшелерін және № 1 ш / а жарықтандыру құрылысы. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары, С. Т. Қаранағаев – «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 2020 жылы ЖСҚ әзірленді, жалпы сметалық құны 58,885 мың теңге.2020 жылдың 29 желтоқсанында Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына 27,910,5 мың теңге сомасында бюджеттік өтінім жолданды. «Олимп» ДСК-нан Н.Нұрсейітов көшесіне дейін М.Әуезов, Майкутов, Жеңіс көшелерін және № 1 ш/а жарықтандыру құрылысына 54 млн.663 мың теңге сомасына бюджеттік өтінім жолданды.Құрылыс-монтаждау жұмыстарына (ҚМЖ) 2021 жылғы 02 ақпан мен 03 наурыз аралығында конкурстық рәсімдер өткізілді, конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаз болып «Ассени» ЖШС анықталды. Жақын арада ҚМЖ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге шарттар жасалатын болады.
5. Ағыбай батыр көшесі 57, Ш. Уәлиханов көшесі 14 бойынша 2 бес қабатты тұрғын үйдің және Ағыбай батыр көшесі, 53 «а» бойынша 1 төрт қабатты тұрғын үйдің қасбеттерін ағымдағы жөндеу 2021 жылғы 1 қарашаға дейін К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары, Ә. С. Қайыржан- «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, М. С. Асқаров. – Атбасар қаласының әкімі 2021 жылы көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 8 618 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.Бүгінгі таңда 3 көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін ағымдағы жөндеуге сметалық құжаттама әзірленді:Қазіргі уақытта мемлекеттік тіркеуге Ақмола облысының Әділет департаментіне КПТҮ қасбеттерін, шатырларын ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының жобасы жолданды, Қағидалар тіркеуден өткеннен кейін КПТҮ қасбеттерін ағымдағы жөндеуді жүргізуге мемлекеттік сатып алу туралы конкурс жарияланатын болады.
6. ИТК қазандығын қайта құру 2021 жылғы 15 қазанға дейін К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Ә. С. Қайыржан- «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 2021 жылы аудандық бюджеттен ИТК қазандығының қуатын арттыруға 50,0 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.2021 жылғы 25 наурызда Мемлекеттік сатып алу порталында жиынтықтағы қазандықтарды сатып алуға конкурс жарияланды.Конкурсты талқылап, өтінімдерді қабылдағаннан кейін конкурстың қорытындылары шығарылатын болады.
7. Атбасар қаласының көше-жол желісін орташа жөндеу 2021 жылғы 1 қазанға дейін К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары, М. С. Асқаров. – Атбасар қаласының әкімі, Ә. С. Қайыржан- «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 2021 жылы әзірленген сметаларға сәйкес облыстық бюджеттен Атбасар қаласының 9 көшесінде көше-жол желісін орташа жөндеуге 200,839 мың теңге бөлінді. Конкурс 2021 жылғы 8 қаңтарда жарияланды, қорытындысы бойынша 191,086 мың теңге сомасына «MK-Group» ЖШС жеңімпаз болып танылды, конкурс шағымдалуда.2021 жылы аудандық бюджеттен қаланың 6 көшесі бойынша көше - жол желісін орташа жөндеуге 250,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді:Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өтуде.Конкурс 2021 жылғы 8 қаңтарда жарияланды, конкурс қорытындысы бойынша 32 млн.032 мың теңге сомасына «Ада – строй» ЖШС жеңімпаз болып танылды.Атбасар қаласының көше-жол желісін жөндеу жұмыстары 2021 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін жүргізілетін болады.
8. Магдалиновка, Хрящевка, Родионовка, Калиновка ауылдарында су құбыры желілері мен құрылыстарын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін К. Ғ. Әлімжанов – Атбасар ауданы әкімінің орынбасары, С. Т. Қаранағаев – «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Е. В. Старченко - Ярославка ауылдық округінің әкімі Қазіргі уақытта топографиялық түсірілім жүргізілді, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (ЕЖЖ) тапсырыс берілді, жобалау алдындағы құжаттама толық жиналғаннан кейін Магдалиновка, Хрящевка, Родионовка, Калиновка ауылдарында су құбыры желілері мен құрылыстарын салуға жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу басталады.
Дата публикации
01 апреля 2021