2020 жылы БЖЗҚ салымшыларға 19,4 миллионнан астам қызмет көрсеттi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылы бiрқатар шектеу шаралары қабылданған эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық iндетке (COVID-19) қарамастан, көрсетiлетiн қызметтер санын 2019 жылмен салыстырғанда 15% ұлғайтты. Осылайша 2021 жылдың 1 қаңтарына қарай БЖЗҚ салымшыларға 19,4 млн қызмет көрсеттi, бұл бiр жыл бұрынғы көрсеткiштен 2,5 млн-ға артық.

БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерiнiң танымал болуының арқасында бұл көрсеткiш 92% (17,9 млн) асып, қызметтерiнiң басым көпшiлiгiн Қор онлайн форматта көрсеттi. БЖЗҚ сайтында да, мобильдi қосымшасында да бар жеке кабинеттiң көмегiмен салымшылар мына қызметтердi үйден шықпай-ақ алды: жеке зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме алу, деректемелерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ-ның бар екендiгi туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау және тағы басқа көптеген қызметтер.

Салымшылардың бiр бөлiгi бұрынғысынша бүкiл Қазақстан бойынша орналасқан бiздiң филиалдарымызға жүгiнедi. Салымшылар БЖЗҚ бөлiмшелерiнде 1,4 млн қызмет алды.

Бұдан басқа, елiмiздiң шалғай елдi мекендерiн зейнетақы қызметтерiмен қамту үшiн «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторының бөлiмшелерiнде Қордың салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бiрлескен жоба жүзеге асырылуда. Естерiңiзге сала кетейiк, «Қазпошта» бөлiмшелерiнде төмендегi операцияларды жүзеге асыруға болады:

•салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң деректемелерi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтiнiш беру);

•хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiне электрондық форматта қол жеткiзу үшiн) туралы келiсiмге қол қою.

Жалпы алғанда, 2020 жылы пошта операторының бөлiмшелерiнде бұл операциялар 6,3 мың рет пайдаланылды.

БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — сапалы кеңес беру қызметтерiн көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшiн ақпараттық арналарды дамыту екенiн атап өту маңызды. 2020 жылы салымшылардың керi байланыс арналары арқылы жасаған өтiнiштерiнiң саны бiр жыл бұрынғы көрсеткiштермен салыстырғанда екi есеге артты. 2020 жылы 1,4 млн өтiнiш болса, 2019 жылы 705 мың өтiнiш түскен.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) байланыс орталығына қоңырау шалып кеңес ала алады. Сондай-ақ, кеңестердi www.enpf.kz корпоративтiк сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы, Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi Қордың ресми парақшаларынан алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
10 марта 2021