БЖЗҚ бұрынғыдан да ұтқыр бола түспек

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дамыған өңiрлiк желiлерi бар. Алайда Қазақстан аумағының кең байтақ екендiгiне байланысты әрбiр шалғай ауданда немесе елдi мекенде БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiн ашу мүмкiн емес. Сондықтан осы мәселенi шешу үшiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Мобильдi кеңсе» жобасының жұмыс iстеп келе жатқанына биыл мiне, үшiншi жыл. «Мобильдi кеңсе» — салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету үшiн барлық қажеттiлiктермен, соның iшiнде жерсерiктiк байланыс құралдарымен жабдықталған заманауи шағын автобус.

Шалғайдағы елдi мекен тұрғындары БЖЗҚ бөлiмшелерiнде көрсетiлетiн барлық қызметтердi «Мобильдi кеңсе» арқылы ала алады. Атап айтқанда, жұртшылық шоттан үзiндi көшiрме алуға немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтiнiш берiп, ерiктi зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашып, ақпараттандыру тәсiлiн өзгерте алады және т.б.

Қазiргi уақытта «Мобильдi кеңсе» Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарындағы шалғай елдi мекендерге қызмет көрсетуде.

БЖЗҚ 2021 жылдан бастап Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркiстан облыстарының шалғайдағы елдi мекендерiн жылжымалы кеңселермен қамтыды.

«Мобильдi кеңсенiң» шалғай аудандарға сапары жоспарланған кесте бойынша жүргiзiлiп, барлық бағыттар жергiлiктi атқарушы органдармен алдын ала келiсiледi. Олар өз кезегiнде тұрғындарды «Мобильдi кеңсенiң» келетiндiгi туралы хабардар етедi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
25 февраля 2021