Салымшының зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру кезiндегi iс-қимыл алгоритмi

Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн бiр немесе бiрнеше инвестициялық портфельдi басқарушыға (ИПБ) беру туралы шешiм қабылдаған жағдайда алдымен жұмыс iстеп жатқан ИПБ тiзбесiмен танысып, enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» — «Зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн ИПБ-ның сенiмгерлiкпен басқаруына аудару" бөлiмiнде олардың инвестициялық декларацияларын зерделеудi ұсынамыз.

Бұдан әрi зейнетақы жинақтарын аудару үшiн салымшы БЖЗҚ-ға өтiнiш беруi қажет, оны enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңiрлiк бөлiмшесiне өзi келгенде беруге болады.

Салымшы дербес жүгiнген кезде жеке куәлiгiн көрсетiп, содан кейiн қажеттi құжаттарды толтыруы керек, оған қажет болған жағдайда Қор менеджерлерi көмектеседi.

enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн ИПБ-ға аударуға өтiнiш берген кезде төмендегi әрекеттердi орындау қажет:

Бiрiншi қадам. enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторлану. Жеке кабинетке сайттың басты бетiнен немесе «Электрондық сервистер» бөлiмiнен кiруге болады.

Екiншi қадам. Жеке кабинеттiң басты бетiнде зейнетақы жинақтарының сомасын тексеру және ИПБ-ның сенiмгерлiкпен басқаруына беруге қолжетiмдi МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтары сомасының бар-жоғына көз жеткiзу.

Үшiншi қадам. Жеке кабинеттiң «Қызметтер» шағын бөлiмiне өту.

Төртiншi қадам. «Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельдi басқарушыға сенiмгерлiкпен басқаруға аудару» қызметiн таңдау. «Өтiнiш деректемелерiн енгiзу» терезесiнде салымшының жеке басын куәландыратын құжат, мекенжайы және байланыс деректерi туралы мәлiметтер БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң деректер базасынан автоматты түрде шығарылады. Жеке басты куәландыратын құжаттың бар және оның қолданыста екендiгi туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер базасымен салыстырылады. Егер осы ақпараттың бiреуi (мысалы, мекен-жайы немесе телефоны) өзгерсе, түзетулер енгiзуге болады.

Бесiншi қадам. «Өрiстердi толтырыңыз» бөлiмiнде қазiргi уақытта әдепкi бойынша «инвестициялық портфельдi басқарушыны таңдауға байланысты» опциясы қойылады.

Бұл жерде:

1) зейнетақы жинақтарын (МЗЖ немесе МКЗЖ) ИПБ-ға аударуға ниет бiлдiрген зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелерiн таңдау қажет;

2) ұсынылып отырған ИПБ анықтамалығынан зейнетақы жинақтарын сенiмгерлiкпен басқаруға аударғыңыз келетiн ИПБ атауын таңдау;

3) сенiмгерлiкпен басқаруға аудару үшiн қолжетiмдi соманы көрсету;

4) ұсынылған ақпаратпен танысу және оған келiсу/келiспеушiлiк бiлдiру қажет.

Алтыншы қадам. Өтiнiшке өзiнiң ЭЦҚ арқылы қол қою.

Жетiншi қадам. Жеке кабинеттiң басты бетiндегi «Өтiнiштердiң мәртебесiн қадағалау» шағын бөлiмiнде өтiнiштiң орындалу мәртебесiн қадағалау.

БЖЗҚ жеткiлiктiлiк сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн салымшыдан өтiнiш келiп түскен күннен кейiнгi отыз күнтiзбелiк күн iшiнде ИПБ-ның сенiмгерлiкпен басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлiгi Ұлттық банктiң басқаруында қала бередi.

ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берiлген зейнетақы жинақтары бiржолғы зейнетақы төлемдерiн алу (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) ретiнде есептелмейдi және оларды ИПБ-ға ауыстырған кезде оларға жеке табыс салығы салынбайды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
25 февраля 2021