Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18048 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.08.2021 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.08.2021 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.08.2021 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.08.2021 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) жер комиссиясы – жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындыларды дайындау үшін Жер кодексінің 43-бабына сәйкес құрылатын жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган;
2) конкурс – жер учаскесін пайдаланудың неғұрлым қолайлы шарттарын ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғаларына оларды уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін оны беру нысаны;
3) қатысушы – шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының азаматы және Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғасы;
4) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасы – әрбір жер учаскесінің жеке сипаттамаларын (құнарлылығын, технологиялық қасиеттерін, орналасқан жерін, рельефін, климатын, табиғи-тарихи, экологиялық және басқа ерекшеліктерін) есепке ала отырып, оның неғұрлым ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын, ауыл шаруашылығы жері аумағының жақын перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын айқындайтын және негіздейтін құжат;
5) уәкілетті орган – Жер кодексінің 14-1-бабында белгіленген құзыреті шегінде аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.08.2021 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
1) жыл сайын тиісті жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің (бос жер учаскелері болған жағдайда) тізбесін қалыптастыруды, келісуді және бекітуді жүзеге асырады.
Бұл ретте, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін одан әрі қалыптастыру, келісу және бекіту жылына кемінде 2 рет жүргізіледі (бос жер учаскелері болған жағдайда);
2) конкурсқа шығару үшін тізбеге енгізілген жер учаскелеріне қатысты жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу;
3) конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ өз интернет-ресурсында жариялау және оны тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың басқа жергілікті атқарушы органдарына, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберу, арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру;
4) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу;
5) конкурстың қорытындысын шығару.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2019 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2019 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда - он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 18.08.2021 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.05.2024 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жер комиссиясының отырысы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың теңге:
1) суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 5 балл;
70-тен 90-ға дейін – 10 балл;
90-нан 110-ға дейін – 15 балл;
110-нан жоғары – 20 балл;
2) суарылатын егістікке (суарылатын жерлер):
200-ге дейін – 1 балл;
200-ден 300-ге дейін – 5 балл;
300-ден 400-ге дейін – 10 балл;
400-ден 500-ге дейін – 15 балл;
500-ден жоғары – 20 балл;
3) жайылымдық және шабындық алқаптарға:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 5 балл;
10-нан 20-ға дейін – 10 балл;
20-дан 30-ға дейін – 15 балл;
30-дан жоғары – 20 балл.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.05.2024 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.
Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2019 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жер комиссиясының хаттамалық шешіміне жер комиссиясының төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ жер комиссиясының хатшысы қорытынды шығарылған күні қол қояды.
Конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының мүшелері қол қойған хаттамалық шешім бір жұмыс күні ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының интернет-ресурсында орналастырылады және үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, барлық өтінім берушілерге және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға оның интернет-ресурсына орналастыру үшін жіберіледі.
1) бас тарту себептері туралы уәжді жауап беріле отырып, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерінен бас тартылған өтінім беруші (өтінім берушілер) туралы;
2) өтінім берушіні жеңімпаз деп айқындау үшін негіз болған дәлелдер көрсетіле отырып, конкурсқа қатысуға арналған өтінімі мақұлданған өтінім беруші (өтінім берушілер) туралы ақпарат қамтылады.
Конкурс жеңімпазы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келмеген немесе одан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тарту туралы хат келіп түспеген жағдайда аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурс жеңімпазы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды және оны жер комиссиясына жібереді.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпазының Жер кодексінің 43-1-бабының 19-тармағына сәйкес бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайды.
1) конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;
2) егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда өткізілмеді деп танылады.
Конкурсты өткізілмеді деп тану жер комиссиясының хаттамалық шешімімен ресімделеді, ол үш жұмыс күні ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының интернет-ресурсында орналастырылады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК