Жоба Атбасар ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМГЕ:

  1. Қоса беріліп отырған Атбасар ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.
  2. Бұл шешім Ақмола облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланымнан кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат                                          Атбасар аудандық

сессиясының Төрағасы                                   мәслихатының Хатшысы

__________                                                          ___________

2021-2022 жылдарға арналған Атбасар ауданы бойынша

жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі

жоспар

 

1) Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Атбасар ауданының аумағында жайылымдардың орналасусхемасы (картасы) (2021-2022 жылдарға арналған Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегіжоспарына 1-қосымша);

2) Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары (2021-2022 жылдарға арналған Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 2-қосымша);

3) Жайылымдардың,оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары меналаңдары,жайылымдық инфрақұрылымобъектілері белгіленген карта (2021-2022 жылдарға арналған Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегіжоспарына 3-қосымша);

         4) Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыруканалдарына, құбырлы немесе шахтылы құдықтарға) қол жетікізу схемасы (2021-2022 жылдарға арналған Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегіжоспарына 4-қосымша);

5) Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығыжануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы (2021-2022 жылдарға арналған Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегіжоспарына 5-қосымша);

6) Ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарғаорналастыру схемасы (2021-2022 жылдарға арналған Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегіжоспарына 6-қосымша);

7) Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегікүнтізбелікграфигі (2021-2022 жылдарға арналған Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегіжоспарына 7-қосымша).

Дата публикации
18 февраля 2021