Атбасар қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Атбасар ауданының Атбасар қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Ғ.Әлімжановқа жүктелсін. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы   Аты-жөні

 

Атбасар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы __________ №______ қаулысына қосымша Атбасар қаласының стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру үшін орындар

Дата публикации
18 февраля 2021