
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Iшкi мемлекеттiк аудит комитетiнiң Ақмола облысы бойынша Iшкi мемлекеттiк аудит департаментiмен (бұдан әрi-Департамент) 2020 жылы 189 аудиторлық iс-шара өткiзiлдi, аудитпен жалпы сомасы 31 177,84 млн. теңгеге бюджет қаражаты қамтылды, оның нәтижелерi бойынша жалпы сомасы 26 442,47 млн. теңгеге немесе қамтудың жалпы сомасының 85% — ына бұзушылықтар анықталды, оның iшiнде:
Есептi кезеңде аудиторлық iс-шаралардың нәтижелерi бойынша аудит объектiлерiне анықталған бұзушылықтарды жоюға 148 нұсқама жолданды, оның iшiнде::
- толық көлемде орындалды-142.
Нұсқамаға берiлген жауаптарға сәйкес аудит объектiлерiнiң 175 лауазымды тұлғасы жiберiлген бұзушылықтар үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды, оның iшiнде 2 лауазымды тұлға атқаратын лауазымынан босатылды.
Есепке алу бойынша қалпына келтiрiлгенi, көрсетiлгенi және бюджетке өтелгенi 3 074,15 млн.теңге немесе 99,4%.
Департамент есептi кезеңде құқық қорғау органдарына процестiк шешiм қабылдау үшiн 3 715,3 млн.теңге сомасына 24 аудит материалдарын бердi.
Осылайша, Департамент 2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта Департаменттiң қызметi туралы 85 мақала жариялады, оның iшiнде 49 мақала аудандық және қалалық баспа басылымдарында, 20 мақала интернет ресурстарында, 16 мақала инстаграмда орналастырылды.
Департамент басшысының орынбасарлары Anticor-live жобасы шеңберiнде adaldyqalanyaqmola инстаграмында тiкелей эфирде келесi тақырыптарға 4 сөз сөйледi:
- Сәйкестiк аудитi 2019-2020 жж. қорытындылары;
- Iшкi мемлекеттiк аудит: Департамент қызметiнiң негiзгi бағыттары;
- Мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау;
- Мемлекеттiк аудит саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.