Атбасар қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын бекіту туралы

Атбасар қаласының аумағында  стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын бекіту туралы

 

 

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атбасар ауданының Атбасар қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Ғ.Әлімжановқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Атбасар ауданы әкімдігінің
2020 жылғы __________
№______ қаулысына

 қосымша

 

Атбасар қаласының  стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру үшін орындар

 

№

Сауда орындары

1

КСМК ауданы, жағажай аумағында

2

А. Құрманов көшесі, «Автодом» ТЖО қарама қарсы жерде жолөтпесі аумағында

3

Майқұтов көшесі, Теміржолшылар паркінің аумағында

4

ЖБК кенті, № 4 тұрғын үйдің аумағында

5

Атбасар-2, Мира көшесі 2/1 үй аумағында

6

Ағыбай батыр көшесі, №64  тұрғын үйдің аумағында

 

Дата публикации
17 февраля 2021