Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 6С 19/8 «Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, «Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № А-11/506 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7464 болып тіркелген) шешіміне, «Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № А-11/570 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 6С-39-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7530 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 6С 19/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6595 тіркелген, 2018 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы   Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Атбасар ауданының әкімі

А.Қалжанов

Дата публикации
18 февраля 2021