2020 жылы "Атбасар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ ауданда дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Біздің спортшылар облыстық және республикалық жарыстарда жаман нәтиже көрсеткен жоқ. "Хрустальный колос - 2020" қысқы облыстық спартакиадасында жалпыкомандалық есепте 4 жалпыкомандалық орынға ие болды. Шорт-трек бойынша жеке есепте 1000 метр қашықтықта III-орынды Помосова Вероника иеленді. Атбасар қаласында баскетбол, футбол, шаңғы жарысы, шахмат және шайбалы хоккей бойынша аудандық жарыстар өткізілді. Ауылдық округтерде волейбол, баскетбол, футбол бойынша жарыстар өткізілді.
Коронавирустық пандемияға, сондай-ақ шектеу карантиндік шараларына байланысты аудандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін дене шынықтыру, спорт және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша негізгі жұмыс әлеуметтік желілер арқылы онлайн форматта жүргізілді. Бөлімнің ресми парақшасында дене шынықтыру-сауықтыру сипатындағы және жаттығу-жарыс процесі кезінде карантиндік шараларды сақтау туралы жарияланымдар орналастырылған.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жақсарту мақсатында, сондай-ақ "Адал көмек" бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша "LIVE" форматында ақпараттық-түсіндіру дәрістері өткізілді. Instagram-дағы @atbasar_sport ресми парақшасында және "Атбасар ауданы әкімінің аппараты" ММ ақпараттық қамтамасыз ету және Мемлекеттік қызметтер бөлімінің Instagram ресми парақшасында тікелей эфир өткізілді.
"2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік қызметі бойынша 2020 жылы 17 спорттық разрядтар мен санаттар берілді.
Халықтың барлық жас топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Осыған байланысты "Локомотив" стадионына, Бастау ауылының спорт алаңына және хоккей кортына ағымдағы жөндеу жүргізілді, сондай-ақ "Локомотив"стадионы аумағында жаңа хоккей кортының құрылысы жүргізілді. Атбасар қаласының 175 жылдығына орай Теміржолшылар саябағында "Қамқор Локомотив" Атбасар электровоз жөндеу зауыты жасыл желекпен бір мезгілде Атбасар қаласының жастарына Street Workout айналысу үшін кешенді спорт алаңын сыйға тартты.
Ауданда 139 спорт ғимараттары бар, оның ішінде 83 жазықтық құрылыстар; спорт залдары – 41, футбол алаңының жасанды жабыны бар стадионы, 1 Жабық хоккей корты, 1 жасанды жабыны бар шағын футбол алаңы, 1 жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Жалпы ауданның спорттық инфрақұрылымы жыл сайын жақсарып келеді.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықты қамту 14831 адамды құрады немесе аудан халқына 31,3% (47277 адам). Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдардың пайыздық өсімі өткен жылмен салыстырғанда 0,2% - ға өсті.
2020 жылғы жағдай бойынша дене шынықтыру және спорт саласында 92 адам жұмыс істейді, бұл 2019 жылға қарай 106% - ды құрайды, оның ішінде ауылда 36 адам, бұл 2019 жылға қарай 95% - ды құрайды.
Дене шынықтыру қызметкерлерінің жалпы санынан 89 адамның дене шынықтыру білімі бар. Ауданда кәсіпорындар мен ауылдарда (Шұңқыркөл а/о, Полтавский а/о, Бастау а о, Новосельский а/о) жұмыс істейтін 2 әдіскер және 6 нұсқаушы бар, онда кешкі уақытта әртүрлі спорт секциялары бойынша, халық арасында (қазақ күресі, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика және т.б.) жұмыс жүргізіледі.
Ауданда жыл басынан бері барлығы 40 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 11 спорттық-бұқаралық іс-шаралар онлайн форматта өткізілді. Коронавирустық Пандемия ауданның спорттық өміріне теріс әсер етті. Осыған байланысты көптеген спорттық - бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды. Атбасар ауданының атақты спортшылары түсірілген "Спорт Тарландары" баннері жасалды. Сондай-ақ, дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттайтын баннер жасалды.
Жоғары нәтижелер көрсетті:
Дегтярев Давид-парапауэрлифтингтен онлайн Әлем Кубогында 1 орын;
Шабанбаев Данияр-бокстан жастар арасындағы ҚР Чемпионаты-3 орын(қаңтар,Атырау қаласы);
Сейтенов Батырхан-3 орын бокстан 2005-2006 ж.т. арасында ҚР Чемпионаты (қаңтар,Талдықорған қаласы);
Палагин Сергей-3 орын ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі ҚР Чемпионаты (онлайн);
Сахнов Александр - 3 орын ауыр атлетикадан 20, 23 жасқа дейінгі ҚР Чемпионаты (онлайн);
Первушин Владислав-бокстан ҚР аймақтық біріншілігі 1 орын (Қаскелең қ., ақпан), Ақмола облысының чемпионаты 1 орын (Степногорск қ., ақпан);
Муратов Бауржан-бокстан ҚР аймақтық біріншілігі 2 орын (Қаскелең қ., ақпан), Ақмола облысының чемпионаты 2 орын (Степногорск қ., ақпан);
Наксут Данияр-1 орын Ақмола облысының чемпионаты (Степногорск қ., ақпан);
Шумянков Кирилл-2 орын Ақмола облысының чемпионаты (Степногорск қ., ақпан);
Болатбеков Алижан-2 орын Ақмола облысының чемпионаты (Степногорск қ., ақпан);
Қайырбаев Данияр, Досымбеков Дидар, Тарасенко Михаил, Сахнов Алексмандр, Палагин Сергей. Балахонова Виктория, Жақсыбаева Ақбота. Мельникова Екатерина-ауыр атлетикадан Ақмола облысының Чемпионатында 1 орын (Көкшетау қ., ақпан);
Базгиев Магомед, Елизаров Данил, Дашаев Заур , Серикпаев Алмаз-грек-рим күресінен Ақмола облысының Чемпионатында 1 орын (Атбасар қ., ақпан);
Сеитов Мадияр-2 орын грек-рим күресінен Ақмола облысының чемпионаты (Атбасар қ., ақпан).
«Атбасар ауданының
дене шынықтыру және спорт бөлімі»
ММ басшысы Ә.Қапсатар